---
title: "Алматы қаласы колледждерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы"
description: "2017 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлы..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2017-06-12T05:52:53+00:00"
modified: "2017-06-12T05:52:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-kolledzhderini-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-hartiyasy-769708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-kolledzhderini-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-hartiyasy-769708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы колледждерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы

> 2017 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлы...

**

![Алматы қаласы колледждерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/0qn8ElZk4AECy9JeIBZZp8x860z7Jz.jpg)

![Алматы қаласы колледждерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/a6h6wekLamwWvVlp2mkEk8dlkNc870.jpg)

**

2017 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының 82 колледжінің директорларымен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиялық адалдық қағидаларды қалыптастыру мақсатында Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің үлкен залында ынтымақтастық хартияға қол қоюдың салтанатты рәсімін өткізді.

 

Салтанатты рәсімге Алматы қаласының 82 колледжінің директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары, колледждердің белсенді студент жастары және «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

Салтанатты жиынды Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева алғы сөзбен ашып, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров, Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің директоры Камал Жаманғозов, Алматы қаласы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов өз баяндамаларында Хартияның білім саласында өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру және Елбасының салиқалы саясаты мен реформаларының жүзеге асырылуына жастар және жастар ұйымдарының орындары ерекше екендігіне тоқталды.

 

Баяндамашылардан кейін білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларды қалыптастыру мақсатында дайындалған 10 минуттық бейне ролик көрсетілді.

 

Салтанатты жиынның негізгі бөлімінен кейін Алматы қаласындағы 82 колледждің директорлары бір мезгілде Хартияға қол қойды..

 

Хартияға қол қою рәсіміне «Қазақстан телеарнасы мен «Егемен Қазақстан», «Қазақстан Заман», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің тілшілері қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-kolledzhderini-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-hartiyasy-769708](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-kolledzhderini-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-hartiyasy-769708)