---
title: "Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Депа..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-07-09T00:30:14+00:00"
modified: "2016-07-09T00:30:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701434"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701434/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Депа...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Б.К. Камаловтың төрағалығымен Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Әдеп жөнінде кеңестің кезекті отырысында, жоспар жұмысының негізінде төрт баяндама және бір тәртіптік іс қарастырылды.

Соның ішінде, Әдеп жөніндегі уәкілді Е.Д. Жайлаубай ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша баяндамасы.

Сонымен қатар, 5 ай қорытындысы бойынша Алматы қаласы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен жүргізген іс-шараларының нәтижелері қарастырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелерімен анықталған бұрмалаушылықтар бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен алдын-алу шараларын өткізу қажеттілігі маңызды екендігіне көңіл бөлді.

Ағымдағы жылдың 5 айда өткізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бойынша әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіру дәрежесін көтеру және тексерулердің сапасына көңіл бөлуге ұсыныс берді.

Әдеп жөнінде кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Анапин Мақсатхан Анапияевичтің жемқорлыққа қарсы ағарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Улдарбеков Сержан Босатқановичқа қатысты тәртіптік іс қарастырылды.

Тәртіптік істі қараудың нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен бір ауыздан шешім қабылдау жолымен заң талаптарын бұзған үшін С.Б.Улдарбековқа **«қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту»** түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы К.Б. Сафинге ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.

![Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/P86XJmG7Br4Pg3juhhS86K65wWYSmh.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701434](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701434)