---
title: "Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Деп..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-07-09T00:22:08+00:00"
modified: "2016-07-09T00:22:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701422"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701422/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Деп...

![Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті өткізілген отырысы жөнінде ақпарат](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/GjweNgABKPKvacH7Z8V36vH9Iuy69r.jpg)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Б.К. Камаловтың төрағалығымен Алматы қаласы бойынша Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Әдеп жөнінде кеңес отырысында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 49 бабы 1 тармағы 7 тармақшасының және ҚР Әдеп жөніндегі кодексінің 5 тармағы 4) тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Туралиев Нурлан Бекболатовичқа және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 49 бабы 1 тармағы 7 тармақшасының және ҚР Әдеп жөніндегі кодексінің 5 тармағы 4), 13) тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үйді есепке алу, тарату және құқықтық құжаттарды рәсімдеу бөлімінің басшысы Гаврина Елена Александровнаға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Тәртіптік істі қараудың нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен бір ауыздан шешім қабылдау жолымен заң талаптарын бұзған үшін Н.Т. Туралиевке және Е.А. Гавринаға **«сөгіс»** түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Алматы қаласы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысына ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701422](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alasy-boyynsha-dep-zh-ninde-ke-esini-kezekti-tkizilgen-otyrysy-zh-ninde-a-parat-701422)