---
title: "Алматы қалалық Департаментінің жанындағы Қоғамдық Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылады"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-09T23:05:41+00:00"
modified: "2015-12-09T23:05:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alaly-departamentini-zhanynda-y-o-amdy-ke-es-m-sheleri-memlekettik-yzmet-k-rsetu-sapasyn-tal--666792"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-alaly-departamentini-zhanynda-y-o-amdy-ke-es-m-sheleri-memlekettik-yzmet-k-rsetu-sapasyn-tal--666792/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы қалалық Департаментінің жанындағы Қоғамдық Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылады

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдар тарапынан 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қоғамдық бақылауының нәтижелері және Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылаудың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің негізінде Қоғамдық Кеңес мүшесі – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық фондының директоры Көбеева Алтынай Құрманәліқызы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына толыққанды сипаттама берді.

Өз баяндамасында ол электронды қызметтер мен мобильді ХҚО-ның қолжетімділіктерін бағалау туралы әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, халықтың электронды қызметтерді пайдаланудан қанағаттану деңгейі мүмкін болатын 10 баллдан 7,9 баллды құрағанын айтты.

Мұнымен бірге, зерттеу нәтижелерін талдау барысында сауалнамаға қатысқандардың 31%-ында мемлекеттік қызметті электронды нұсқада алу мүмкіндігі болған. Дегенмен, электронды нұсқадағы мемлекеттік қызметті алушылар көлемі 19%-ды құрады. Осыған орай, Алтынай Көбеева электронды нұсқада алынатын мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін халыққа түсіндіру жұмыстарын жандандыру және оны түрлендіру туралы ұсыныс жасады.

Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды жетілдіру бөлімінің басшысы Сүйіндіков Мейрам Серікұлы өз баяндамасында Алматы қаласының әкімшілігі тарапынан 2014 жылы 15 миллион 340 мың мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айтты. Бұл көрсеткішкіш өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 40%-ға жоғары. Мұнымен бірге, ол халыққа қызмет көрсету орталықтары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету көлемінің 137%-ға артқанын айтып өтті.

Қоғамдық Кеңес мүшесі – Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенев кәсіпкерлікке тиісті жағдай жасау мақсатында 2015 жылдың 2 сәуірінен бастап кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылатынын мәлімдеді. «Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлер үшін мүмкін болатын барлық жағдайды қамтамасыз ету. Мұндай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді, түрлі рұқсат қағаздарды алу үшін барлық тиісті көмек көрсетілетін болады, және де ол үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті болмайды»,-деді Артур Котенев.

Қоғамдық Кеңес мүшесі – мемлекеттік және жергілікті басқару институтының ректоры Тоқтыбеков Әбікен Әбілұлы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы кемшіліктерді анықтау үшін ғылыми зерттеу жасауды ұсынды.

Баяндамалардан соң, Қоғамдық Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, жергілікті атқару органдарының басшылары мемлекеттік қызмет көрсету саласында кемшіліктерді жоюдың түрлі жолдары мен оның мерзімдері туралы ақпарат берді.

![Алматы қалалық Департаментінің жанындағы Қоғамдық Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/87bt8WNSE4yBk86ZdqReTxtS07tF8o.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-alaly-departamentini-zhanynda-y-o-amdy-ke-es-m-sheleri-memlekettik-yzmet-k-rsetu-sapasyn-tal--666792](https://yvision.kz/kk/post/almaty-alaly-departamentini-zhanynda-y-o-amdy-ke-es-m-sheleri-memlekettik-yzmet-k-rsetu-sapasyn-tal--666792)