---
title: "Алматыға соғыстан қашып келген ресейліктер енді жер..."
description: "Алматыдағы жер сілкінісінен қашып, Мәскеуге оралғалы жатқан ресейлік келіншек жүрек тебірентер видео жариялады. «Жаңа оянып, осындай хабарлама жазу керек деп ойладым. Күйеуім екеуміз Алматыдан кетуді жөн көрдік. Бұл жер сілкінісіне байланысты. Біз..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-12T08:39:00+00:00"
modified: "2024-03-12T08:39:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-a-so-ystan-ashyp-kelgen-reseylikter-endi-zher-silkinisinen-ashyp-zhatyr-1002150"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-a-so-ystan-ashyp-kelgen-reseylikter-endi-zher-silkinisinen-ashyp-zhatyr-1002150/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыға соғыстан қашып келген ресейліктер енді жер...

> Алматыдағы жер сілкінісінен қашып, Мәскеуге оралғалы жатқан ресейлік келіншек жүрек тебірентер видео жариялады. «Жаңа оянып, осындай хабарлама жазу керек деп ойладым. Күйеуім екеуміз Алматыдан кетуді жөн көрдік. Бұл жер сілкінісіне байланысты. Біз...

Алматыдағы жер сілкінісінен қашып, Мәскеуге оралғалы жатқан ресейлік келіншек жүрек тебірентер видео жариялады.

![Алматыға соғыстан қашып келген ресейліктер енді жер...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/eb190e3aa1f0b8329359ffe5ff3528.jpg)

«Жаңа оянып, осындай хабарлама жазу керек деп ойладым. Күйеуім екеуміз Алматыдан кетуді жөн көрдік. Бұл жер сілкінісіне байланысты. Біз қатты қорқамыз. Мәскеуге қайтамыз. Қазақстанда бір жарым жыл тұрдық. Бұл менің өмірімдегі ең керемет кезең болды. Мен қазір бұл жайында кәдімгідей сөйлей аламын. Бірақ бірер күн бұрын көзіме жас алдым. Неге дейсіз ғой? Қазақтар менің орыстан артық туысыма айналып кетті. Рас айтамын. Мұнда жаны жайсаң адамдар көп. Бұны қалай түсіндіруді білмеймін. Бірақ Алматыдан кейін Мәскеуге бару каторгамен бірдей... Мен ертең Қазақстанды, Алматыны сағынамын, қазірден сағынып жатырмын. Таңертең терезеден тауды көретінімді. Баламды арбаға салып жүргенімді. Автобуста отырғанымды. Соңғы келген адам арбаңды автобусқа салып береді. Мәскеуде осындай болып па еді? Болған емес. Ал ондағы бақылаушылар ерекше мейірімді адамдар. Мәскеуге келмеңіздер. Егер сіздер біздің Мәскеудегі бақылаушыларды көрсеңіздер, қатты шошисыздар. Тіпті күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін. Олар сұмдық адамдар. Меніңше, ол жерде осындай адамдарды әдейі іздеп жүріп жұмысқа алатын сияқты. Әйтеуір, бақылаушыға кезіксең қиын жағдайға ұшырайсың. Бұл жақта бәрі мейірімді. Бұл жақта өмір басқаша. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», – дейді келіншек әлеуметтік желіге жариялаған видеосында.

Видеоны мына жерден көруге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-a-so-ystan-ashyp-kelgen-reseylikter-endi-zher-silkinisinen-ashyp-zhatyr-1002150](https://yvision.kz/kk/post/almaty-a-so-ystan-ashyp-kelgen-reseylikter-endi-zher-silkinisinen-ashyp-zhatyr-1002150)