---
title: "Алматы-1-Шу екінші жолының бірінші өткізу кешені құрылысы аяқталып келеді – ҚТЖ"
description: "Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-11-23T09:01:09+00:00"
modified: "2016-11-23T09:01:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-1-shu-ekinshi-zholyny-birinshi-tkizu-kesheni-rylysy-aya-talyp-keledi-tzh-729355"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almaty-1-shu-ekinshi-zholyny-birinshi-tkizu-kesheni-rylysy-aya-talyp-keledi-tzh-729355/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматы-1-Шу екінші жолының бірінші өткізу кешені құрылысы аяқталып келеді – ҚТЖ

> Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ...

Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысу қорытындылары бойынша кеңес барысында.

21 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысты. Қ. Алпысбаев бірінші өткізу кешені нысандарын аралаған соң, Отар станциясында кеңес өткізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін жобаның маңызына тоқталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов барлық жоспарланған жұмыстардың толғымен аяқталғанын хабарлады. Оның айтуынша, топырақ қабаты төселген, жасанды имараттар-көпірлер, су өткізу құбырлары тұрғызылған. Рельс торкөздері төселген. Бірінші өткізу кешенінің электрмен қамту, белгі беру және байланыс құрылғылары орнатылған. Мұнда тұңғыш рет отандық өнім Ақтөбе рельс арқауы зауытының рельстері төселді.

Қ. Алпысбаев өз кезегінде құрылысшыларға бірінші өткізу кешені нысандарын белгіленген кестеден қалдырмай орындауды тапсырды. Соңғы шақырымдары аяқталып қалған бірінші өткізу кешенінің ұзындығы 52 шақырым болады. Алматы-1-Шу екінші темір жол желісі іске қосылған кезде өткізу мүмкіндігі 3,2 есеге артады. Тәулігіне 68 жұп пойызды өткізуге болады. Жүк пойыздарының жылдамдығы екі есеге дейін өседі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көп салалы қызмет көрсету орталығын ашты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында «Көп салалы қызмет көрсету орталығының» (КСҚКО) салтанатты ашылуы өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, КСҚКО негізгі мақсаты – бухгалтерлік, салықтық және кадр қызметін ықпалдастыра отырып оны тиімді, жедел жүргізуді көздейді. Ол арқылы ұйымдастыру шараларына кететін шығындарды оңтайландырып, есепшілік және HR- менеджерінің бизнестік іскерлік шешім қабылдауын қолдайды.

«Мұндай орталықтың ашылуы негізінен Компанияның шығынын азайтудан туындады. Бухгалтерлік тіркеу, құқықтық және кадрлық қызмет көрсетуге қыруар уақыт кететін болса, енді бір орталықтан орындалу мерзімін де үнемдеуге болады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев.

Белгіленген бағыттар бойынша сараптамалық жұмыстар жасалып, КСҚКО тұжырымдамасы түзіліп, Астананы қосқанда, Магистральдық желі орналасқан 12 өңірде аймақтық орталықтар ашылмақ.

Аталмыш жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарудың жаңа жетілген түрін өндіріске енгізудің стратегиясы негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижесі шығарылды.

Атап өтерлігі, ҚТЖ осы қадамы арқылы компаниядағы бизнесті трансформациялау бағдарламасын кешенді түрде ықпалдасқан бизнес шешімдермен жүзеге асырады.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almaty-1-shu-ekinshi-zholyny-birinshi-tkizu-kesheni-rylysy-aya-talyp-keledi-tzh-729355](https://yvision.kz/kk/post/almaty-1-shu-ekinshi-zholyny-birinshi-tkizu-kesheni-rylysy-aya-talyp-keledi-tzh-729355)