---
title: "Алима Есенбаеваның лекциясы"
description: "12-ші наурыз куні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасында BAT компания..."
author: "aijanka"
published: "2011-03-14T13:22:21+00:00"
modified: "2011-03-14T13:22:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alima-esenbaevany-lekciyasy-131479"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alima-esenbaevany-lekciyasy-131479/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алима Есенбаеваның лекциясы

> 12-ші наурыз куні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасында BAT компания...

12-ші наурыз куні ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қоғаммен байланыс кафедрасында BAT компаниясының PR маманы Алима Есенбаеваның лекциясы өтті.

British American Tobacco - халықаралық темекі өңдейтін өте үлкен компания болып табылады. Қазіргі кезде Темекіні ашық жариялауға, жарнамалауға заңмен тыйым салынғандықтан, бұл салада жұмыс жасаудың көптеген қиындықтары бар. Лекцияда Алима апай сол қиындықтарға қарамастан компанияны өсірудің түрлі PR тәсілдерін айтып түсіндірді. Сонымен қатар, өзінің жұмысы жайлы да біраз мағлұматтар берді. Бұл лекция біздің мамандығымыз жайында болғандықтан, Алима апайдың лекциясы бізге қызық болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alima-esenbaevany-lekciyasy-131479](https://yvision.kz/kk/post/alima-esenbaevany-lekciyasy-131479)