---
title: "Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар"
description: "15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-07-22T03:26:44+00:00"
modified: "2014-07-22T03:26:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-zh-ne-auipti-zattardy-bas-aru-m-seleleri-boyynsha-seminar-422266"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-zh-ne-auipti-zattardy-bas-aru-m-seleleri-boyynsha-seminar-422266/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар

> 15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және...

15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және ұтымды басқару процесіне орнықты органикалық ластағыштарды орындаудың, басқаруды кіріктірудің ұлттық жоспарын жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде қалдықтар мен қауіпті заттарды басқару, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Іс-шараға денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, экологтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Семинардың мақсаты – жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдардың жоба туралы хабардарлығын арттыру, жұртшылықтың назарын аударту, өзара іс-әрекет процесін жақсарту.

Семинардың жұмысы барысында қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу, медициналық және сынабы бар қалдықтарды, құрамында ПХД бар жабдықтарды басқару мәселелері талқыланды.

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-35/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-35/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-zh-ne-auipti-zattardy-bas-aru-m-seleleri-boyynsha-seminar-422266](https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-zh-ne-auipti-zattardy-bas-aru-m-seleleri-boyynsha-seminar-422266)