---
title: "Қалдықтарды басқару саласы жаңғыртуды қажет етеді"
description: "«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірле..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-07-25T05:06:00+00:00"
modified: "2014-07-25T05:06:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-bas-aru-salasy-zha-yrtudy-azhet-etedi-422795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-bas-aru-salasy-zha-yrtudy-azhet-etedi-422795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалдықтарды басқару саласы жаңғыртуды қажет етеді

> «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірле...

[!\[Қалдықтарды басқару саласы жаңғыртуды қажет етеді\](http://www.eco.gov.kz/new2012/wp-content/uploads/2014/07/DSCN4571-300x168.jpg)](http://www.eco.gov.kz/new2012/wp-content/uploads/2014/07/DSCN4571.jpg)«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 23-24 шілдесінде Астана қаласында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары - бас мемлекеттік инспекторлары үшін қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мен қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту мақсатында «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Семинарды ұйымдастыруда және өткізуде ҚР ҚОСРМ Қалдықтарды басқару департаменті белсене қатысты.

Семинарды Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы А.К. Махамбет пен «Жасыл Академия» ҒБО директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңес мүшесі, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина ашты.

Семинарда «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мен қоршаған ортаға негативтік әсерді шектейтін және еліміздің халқының өмір сапасы мен жағдайын жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жайлы мәселелер талқыланды. Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасында қалдықтарды басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі болып белгіленген.

Сонымен қатар тыңдаушылар 2014-2050 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын, қалдықтарды басқару секторындағы мемлекеттік-жеке әріптестік, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару мәселелерін талқылап, Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттері мен қалдықтарды басқару саласындағы жобалармен танысты.

Осы мәселелерді талқылау мен таныстыруға қатысқандар:

«Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина; Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а. А.К. Махамбет; экология саласындағы тәуелсіз сарапшы А.Г. Брагин; Назарбаев Университетінің Инжинерия мектебінің профессоры Р.А. Брэдшоу; Дүниежүзілік банк жобасының ұлттық үйлестірушісі, қалдықтарды басқару бойынша тәуелсіз сарапшы К.Н. Оразалина; «Жасыл даму» АҚ иесіз қалдықтар бөлімінің басшысы Ж.Т. Асанова;

«Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС қала құрылысы экологиясы бөлімінің басшысы Ә.Ә. Батырғожина мен тәуелсіз сарапшы М.Б. Оралбаева;

БҰҰДБ жобасының менеджері А.Д. Бейбитова.

Семинардың соңында Қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «ҚР қалдықтарды басқару саласы бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған департамент директорының орынбасары Б.Ж. Досмақова және белгілі мамандар мен БҰҰДБ сарапшылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында қалдықтарды басқару саласындағы қазіргі нормативтік-құқықтық базасы талқыланып, қалдықтарды басқару бойынша ҰКП-мен өнеркәсіп кәсіпорындарында қалдықтарды басқаруға байланысты, аумақтардың қалдықтарсыйымдылығын есепке алу бойынша жергілікті үкімет органдарымен әрекеттестікті жетілдіру және Министрліктің жанында қалдықтарды кешенді басқару бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру мүмкіндігі жайлы ұсыныстар жасалды.

Семинар мен тестілеу қорытындысы бойынша 17 қатысушыға оқудан өткені туралы сертификаттар тапсырылды.

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-46/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-46/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-bas-aru-salasy-zha-yrtudy-azhet-etedi-422795](https://yvision.kz/kk/post/aldy-tardy-bas-aru-salasy-zha-yrtudy-azhet-etedi-422795)