---
title: "«Алдаспан» ақындары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапатқа ие болды"
description: "Павлодар облысы жастар саясаты басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі Тәуелсіздікті..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-28T02:54:51+00:00"
modified: "2016-12-28T03:01:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldaspan-a-yndary-el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-marapat-a-ie-boldy-742143"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldaspan-a-yndary-el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-marapat-a-ie-boldy-742143/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алдаспан» ақындары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапатқа ие болды

> Павлодар облысы жастар саясаты басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі Тәуелсіздікті...

Павлодар облысы жастар саясаты басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алдаспан» жас ақындар клубы мүшелерін марапаттады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/o8b7dtessv8bear7BtOLf6mTJN9CMk.jpg)

«Алдаспан» жас ақындар клубы Ертіс-Баян өңіріндегі жазба ақындар мен жас айтыскерлердің басын бір арнаға жиып, әдеби орта қалыптастырып отыр. Клубтың 20-ға жуық мүшесі бар. Олар биыл облыстық, республикалық деңгейдегі бәйгелердің алдынан бірнеше рет көрінді. Атап айтсақ, осы күзде Бәкіжан Кәкім Ақтау қаласында өткен Республикалық Әбіш Кекілбаевқа арналған көркем-сөз оқуларының Бас жүлдесіне ие болды. Ахмед Ахмади облыстық «Батыр – ел қорғаны» мүшайрасының жеңімпазы, Абзал Қабдраш Көкшетау қаласында өткен айтыстың бас жүлдесін иемденсе, Алтынбек Мақсатхан Ерейментау ауданының 100 жылдығына арналған Республикалық айтыстың арнайы жүлдесін қанжығалап қайтқан болатын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/pLBuip9J9SHJnXB91425o1Ju691E06.jpg)

Мінеки, осы жетістіктердің бәрін ескере отыра, облыстық жастар саясаты басқармасы Орталық жанынан құрылған клуб мүшелерінің еңбегін ескеріп, Құрмет Грамотасына қоса «Алдаспан» ақындарының өлеңдері енгізілген жинақпен қатар домбыра тарту етті. Өз кезегінде жас ақындар бәйгеден оза шауып келген туындыларын оқыды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/zj9lptOTtba0thFCZBmRgssbczvN1v.jpg)

Шара барысында сөз алған «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директорының орынбасары Саят Бейбітұлы жас ақындарға ризашылығын білдіріп, шалқар шабыт пен биік белестерді бағындыруын тіледі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/8LuuwA4XL8566Fb16Nyc33n7jvpyy6.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aldaspan-a-yndary-el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-marapat-a-ie-boldy-742143](https://yvision.kz/kk/post/aldaspan-a-yndary-el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-marapat-a-ie-boldy-742143)