---
title: "Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – صاحبة السعادة | Sahibet Al-SaadaБейнематериал авторы –..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-11-02T06:21:44+00:00"
modified: "2018-11-02T06:21:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldama-dar-esh-ashan-aldama-dar-818364"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aldama-dar-esh-ashan-aldama-dar-818364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – صاحبة السعادة | Sahibet Al-SaadaБейнематериал авторы –...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – صاحبة السعادة | Sahibet Al-Saada

Бейнематериал авторы – Sergei Egorov

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар,

Пәк сезімге, дақ түсіріп жатпаңдар.

Кір түсіріп көңілге, жылатпаңдар,

Кезек дүние, бір соны, ұмытпаңдар.

Алдандым деп ешқашан, жыламаңдар,

Алданғанның ертеңі бар, таңы бар.

Шалынсаң да аяқтан, құламаңдар,

Төмен қарап, күрсінбей, тік қараңдар.

Азар болса, сабақ алдың, тағдырдан,

Ауыртады әрине, ине болып қадалған.

Удай ашып тұрсадағы, мынау жаның,

Дерт қалмасын, жүрегіңде жазылмаған.

Сыналады шын сүйген, тағдырымен,

Сары шапан өлшеулі, қысқа жеңмен.

Өмір кезек, әр түрлі қызығымен,

Түңілмесін, жыламасын, шын сүйген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aldama-dar-esh-ashan-aldama-dar-818364](https://yvision.kz/kk/post/aldama-dar-esh-ashan-aldama-dar-818364)