---
title: "Алдағы жексенбіден бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасы ашылады"
description: "14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға және кері әуе рейсі қатынайды. Билет бағасы бір бағытқа..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-10T12:08:40+00:00"
modified: "2024-01-10T12:08:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-zheksenbiden-bastap-ostanaydan-t-rkistan-a-ue-atynasy-ashylady-999749"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-zheksenbiden-bastap-ostanaydan-t-rkistan-a-ue-atynasy-ashylady-999749/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алдағы жексенбіден бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасы ашылады

> 14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға және кері әуе рейсі қатынайды. Билет бағасы бір бағытқа...

14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға және кері әуе рейсі қатынайды. Билет бағасы бір бағытқа 27 000 теңге болмақ.

![Алдағы жексенбіден бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасы ашылады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/6e1ff12ef037474c75df47df4c7652.jpg)

Фото: freepik.com

«Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері, яғни аптасына 2 рет кесте бойынша орындалады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі болса, ауыр жүк ретінде болса 20 келі», - делінген компания сайтындағы хабарламада.

Ал ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін болады.

flyqazaq.com

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alda-y-zheksenbiden-bastap-ostanaydan-t-rkistan-a-ue-atynasy-ashylady-999749](https://yvision.kz/kk/post/alda-y-zheksenbiden-bastap-ostanaydan-t-rkistan-a-ue-atynasy-ashylady-999749)