---
title: "Алдағы сайлау туралы ойым"
description: "Сайлау туралы ойым. Қазір екі вариант бар. Бірінші: сайлауға Нұрекең және баяғы үміткерлер түседі, а..."
author: "mahambet2017"
published: "2015-02-22T11:05:50+00:00"
modified: "2015-02-22T11:05:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-saylau-turaly-oyym-473137"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-saylau-turaly-oyym-473137/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алдағы сайлау туралы ойым

> Сайлау туралы ойым. Қазір екі вариант бар. Бірінші: сайлауға Нұрекең және баяғы үміткерлер түседі, а...

Сайлау туралы ойым. Қазір екі вариант бар.

Бірінші: сайлауға Нұрекең және баяғы үміткерлер түседі, алайда мықты үміткерлер болмай, "Хабар" халыққа Нұрекеңге альтернатива жоқ дейді. Екінші: сайлауға Нұрекең, баяғы үміткерлер және жаңа мықты үміткерлер түседі. Жаңа мықты үміткерлер жеңіледі. Алайда жеңілсе де, Нұрекеңге альтернатива жоқ деп "Хабар" айта алмайды. "Хабар" Нұрекең өте мықты, ал қалғандар әлсіз деп айтады. Екі варианттың екеуі де супер керемет емес. Алайда екі жаман варианттан мен жақсылауын - екіншісін таңдаймын. Бірінші варианттың кейбір азаматтарға ұнайтын жері:а) сайлау "легитимділігінің" деңгейі төмен болады.Алайда легитимділік бұгінгі күнде кімге қажет? Нанға жығылмайтын нәрсе идеалист ақындарға ғана керек болмаса білмеймін. Екінші варианттың жақсы жақтары:а) халық альтернативаны (альтернативаларды) көреді,ә) жаңа үміткер (үміткерлер) азды-көпті саяси ұпай жинайды,б) келесі сайлауда бұл үміткерлер аз да болса, халық арасында белгілі болады,в) 2011 немесе 12 жылы өтетін президенттік сайлауға Нұрекең қатыспаса, бүгінгі үміткерлер жеті жыл бойы мықты жұмыс істесе, президенттік тақ үшін әбден күресіп көруі мүмкін. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?

P.S. Фразеологизм «Из двух зол всегда выбирают меньшее» — о выборе между чем-то и чем-то, не слишком хорошем, когда выбирать нужно что-то менее плохое. Возникновение фразеологизма —из сочинения древнегреческого философа Аристотеля (384—322 гг. до н. э.) «Никомахова этика». Данную фразу также использовал знаменитый римский оратор Цицерон (106—43 гг. до н. э.) в своем сочинении «Об обязанностях»: «Следует не только выбирать из зол наименьшее, но и извлекать из них самих то, что может в них быть хорошего». Cолай, азаматтар.

 

Махамбет АБЖАН

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alda-y-saylau-turaly-oyym-473137](https://yvision.kz/kk/post/alda-y-saylau-turaly-oyym-473137)