---
title: "Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?"
description: "«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Фото: Tengrinews.kz-..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-31T11:14:49+00:00"
modified: "2024-01-31T11:14:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-k-nderi-elde-aua-rayy-anday-bolady-1000512"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alda-y-k-nderi-elde-aua-rayy-anday-bolady-1000512/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?

> «Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Фото: Tengrinews.kz-...

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

![Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d3bc6c13905f0954d2b9f3389977bf.jpg)

Фото: Tengrinews.kz-

Ондағылардың айтуынша, Қазақстан солтүстік-батыс циклонының әсерінде болады. Соның нәтижесінде жауын-шашын көбейейін деп тұр.

«Солтүстік аймақтарда қар, оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен ылғалды қар болады, сондай-ақ бұрқасын күшейеді. Таулы жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ пен тұман болады деп күтілуде», – деп хабарлайды мамандар.

Бұл – алдағы үш күнге арналған болжам.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alda-y-k-nderi-elde-aua-rayy-anday-bolady-1000512](https://yvision.kz/kk/post/alda-y-k-nderi-elde-aua-rayy-anday-bolady-1000512)