---
title: "Албандықтарға қарсы ойында «Шахтер» өз басымдылығын қорғайтын болады"
description: "Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен ө..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-05T23:26:25+00:00"
modified: "2013-08-05T23:26:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/albandy-tar-a-arsy-oyynda-shahter-z-basymdyly-yn-or-aytyn-bolady-367324"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/albandy-tar-a-arsy-oyynda-shahter-z-basymdyly-yn-or-aytyn-bolady-367324/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Албандықтарға қарсы ойында «Шахтер» өз басымдылығын қорғайтын болады

> Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен ө...

# [!\[Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29045-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/photo_29045.jpg)

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды[Sports.kz](http://sports.kz/).

– Бізге қарсылас командамен ғана емес, ылғал және ыстықпен де күресуімізге тура келеді. Мұндағы ауа райын өздеріңіз көріп тұрсыздар, мұның барлығы ойынға өз әсерін тигізеді. Ауыр болатыны анық. Бірақ бастысы – өз басымдылығымызды қорғау керек, – деп атап өтті Виктор Кумыков.

– Ертең ойын көбіне психологиялық сипатта болмақ. 3:0 есебі мазасызданбауға себепші болуы мүмкін. Футболда мысал көп. Осы орайда қандай жұмыстар жүргізілді?

– Біз бірінші ойыннан кейін-ақ бірден осы бағытта жұмыс істей бастадық. «Бобруйск» пен «Тирандар» клубтарын, өзіміздің «Ақтөбе» 3:0 бола тұра, кейін 3:4 есебімен жеңіліп қалғанын және біздің клубтардың үлкен есеппен ойсырай жеңілгендерін мысалға келтірдік. Футболшылар барлық жауапкершілікті сезініп отыр, ертең бар күштерін салады.

– «Шахтер» үшін бірінші орында не тұр?

– Қақпаға допты кіргізбеу.

– Ненің есебінен?

– Қорғанысты жақсы ұйымдастыру есебінен. Бар күш-жігерін салып ойнап, жеңіліске жол бермеу есебінен.

[Еkaraganda.kz](http://ekaraganda.kz/) атап өткендей, 6 тамызда Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионындағы жарық диодты экранда УЕФА Чемпиондар Лигасынан тікелей көрсетілім болады. Ойын сағат 24:00-де басталады.

 

«www.bnews.kz».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/albandy-tar-a-arsy-oyynda-shahter-z-basymdyly-yn-or-aytyn-bolady-367324](https://yvision.kz/kk/post/albandy-tar-a-arsy-oyynda-shahter-z-basymdyly-yn-or-aytyn-bolady-367324)