---
title: "Ғаламтордан көргенін істейтін шығар. Бүгінгінің..."
description: "Алматыдағы балабақшада бақылау камерасына түсіп қалған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда бір бүлдіршінді басқалары ұрып, тепкілеп жатыр. Таяқ жеген баланың ата-анасының айтуынша, бұл жағдай 21 ақпанда болған. «Біздің ұлымызды балалар аяусыз..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-23T07:04:51+00:00"
modified: "2024-02-23T07:09:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtordan-k-rgenin-isteytin-shy-ar-b-gingini-balalary-da-atygez-bolyp-barady-1001483"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtordan-k-rgenin-isteytin-shy-ar-b-gingini-balalary-da-atygez-bolyp-barady-1001483/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғаламтордан көргенін істейтін шығар. Бүгінгінің...

> Алматыдағы балабақшада бақылау камерасына түсіп қалған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда бір бүлдіршінді басқалары ұрып, тепкілеп жатыр. Таяқ жеген баланың ата-анасының айтуынша, бұл жағдай 21 ақпанда болған. «Біздің ұлымызды балалар аяусыз...

*Алматыдағы балабақшада бақылау камерасына түсіп қалған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда бір бүлдіршінді басқалары ұрып, тепкілеп жатыр.*

![Ғаламтордан көргенін істейтін шығар. Бүгінгінің...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/805fda8f0b9b416953c6035975079e.jpg)

Таяқ жеген баланың ата-анасының айтуынша, бұл жағдай 21 ақпанда болған.

«Біздің ұлымызды балалар аяусыз ұрып-соғып жатыр. Бұл жағдай үздіксіз 5 минуттай болды. Тәрбиеші жоқ. Ол өз шаруасымен кетіпті. Баламыздың миы шайқалып, ауруханаға жатып қалды», – деп жазады бейнежазбаны әлеуметтік желіге жолдаған ата-ана.

Осыдан кейін тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген. Осындайға жол бергені үшін оның барынша жазаланғаны дұрыс, әрине.

Бірақ бұл жерде басқа да мәселе бар. Құйтақандай балалар неге қатыгез болып кеткен? Үйдегі тәрбиеден бе, ғаламтордағы видеодан ба?

Бейнежазбаны [мына жерден](https://web.telegram.org/a/#-1001419574360) көруе болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alamtordan-k-rgenin-isteytin-shy-ar-b-gingini-balalary-da-atygez-bolyp-barady-1001483](https://yvision.kz/kk/post/alamtordan-k-rgenin-isteytin-shy-ar-b-gingini-balalary-da-atygez-bolyp-barady-1001483)