---
title: "Ғаламтордағы махаббат"
description: "Ғаламтордағы махаббат болуы мүмкін бе? Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жиі айтылып ..."
author: "nuri_-1996"
published: "2014-10-14T09:46:45+00:00"
modified: "2014-10-14T09:46:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-y-mahabbat-434009"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-y-mahabbat-434009/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғаламтордағы махаббат

> Ғаламтордағы махаббат болуы мүмкін бе? Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жиі айтылып ...

Ғаламтордағы махаббат болуы мүмкін бе? Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жиі айтылып жүрген сауал. Біреу желіде шынайы сезім бола алады десе, біреу мұны мүлдем жоққа шығарады. Бұл сауал қалай пайда болды? Енді осы сұраққа келсек.

Ғаламтор пайда болғаннан кейін мыңжылдықтар тоғысы 2003-2004 жылдары ақпарат алмасу мен танысудың мүлдем жаңа түрі әлеуметтік желілер пайда болып, жылдам қарқынмен дами бастады. Уақыты тығыз адамдар ағылысқан нарық заманында бұл өте тиімді көрінген. Бірақ та әлеуметтік желілер мен танысу сайттарына адамдар «құл» болғандай. Жүзбе-жүз көрісудің орнына желіде сұхбаттасу әдетке айналды. Адамдар интернетте танысып өмірде бір көрмеген адамға ғашық болуға дейін жетті. Мұндай жолмен адамдар арасында сезім пайда болуына сену қиын. Бірақ та дәл осылай танысып, отбасы құрып жүргендер де бар, жоққа шығара алмаймыз. Бармаған қалаларға, өз көзімізбен көрмеген жұлдыздарға да көгілдір экранның бер жағынан ғашық болып жүрміз ғой. Мүмкін желіде ұлы сезім махаббаттың бар болуы рас шығар.

Мен виртуалды өмірден шын өмірді дұрыс көремін. Желіде еркін сөйлесетін адамдар көзбе-көз дұрыс тілдесе алмайтыны бар, тіпті сөйлеу қабілеті мен батылдығын жоғалтқандай.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ғаламторда махаббат болуы мүмкін, бірақ желіде хат жазысу зиянды. Егер жалғыз болсаңыз, дәл қазыр таза ауаға серуендеуге шығыңыз, мүмкін тағдырыңызды жолықтырарсыз. Ол адамды ВКонтакте, Facebook, Instagram желілерінен іздегенше жүзбе-жүз танысып тіл қатуға батыл болғаныңыз дұрыс!

![Ғаламтордағы махаббат](http://storage.yvision.kz/images/user/nuri_-1996/UePcf9eIECvFVy4HJ8YJZ8w9PKybJo.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-y-mahabbat-434009](https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-y-mahabbat-434009)