---
title: "Ғаламторда ақша табу жолдары — ақпан 2016"
description: "Сонымен тағы бір ай өтті, сол ай ішінде қанша ақша таба алдыңыз ғаламторда? Еліміздің аспаны ашық, д..."
author: "bolat111"
published: "2016-02-13T01:16:03+00:00"
modified: "2016-02-13T01:16:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-a-sha-tabu-zholdary-a-pan-2016-672140"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-a-sha-tabu-zholdary-a-pan-2016-672140/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғаламторда ақша табу жолдары — ақпан 2016

> Сонымен тағы бір ай өтті, сол ай ішінде қанша ақша таба алдыңыз ғаламторда? Еліміздің аспаны ашық, д...

Сонымен тағы бір ай өтті, сол ай ішінде қанша ақша таба алдыңыз ғаламторда?

Еліміздің аспаны ашық, деніміз сау, бас аман. Соның дәлелі ретінде халқымыздің саны көбейіп бала шаға өсіп өніп келеді. Ертең олардың бәрі мектеп бітіріп оқуға барады. Балаң қайда барып оқиды? Қай жерде жұмыс істейді? Не кәсіп қылады?

Жемқорлық деген шарықтап тұр, ақшасы көп, жайлы жұмыс орындардың барлығы осы бастан реттеліп алынып қойылған. Бос орын жоқ. Қазір шекаралас елдермен қарым қатынас жақсарып келеді. Одан шығатын қорытынды: сол елдердің азаматтары бізге келіп барлық қара жұмысты өздері иемденіп алады. Сонда қазақтың баласына қандай салада жұмыс істеу қалды? Ертең балаң не кәсіп арқылы нан тауып өз шаңырағын асырайды екен? Осы сұраққа ұсыныс ретінде ғаламторды алға тарттым. Сонымен өткен айда көрсеткен жарнамадан келген тағы 3 доллар түсті.

![ақпан айы табысы](http://storage.yvision.kz/images/user/bolat111/K6IVuAp6n3QVT8ARWxhQR62B359Z69.gif)

Әрине, пәлендей ақша емес, бірақ балам өзінің сөйлефон (сотка) балансын өзі төлеп жүр ай сайын.

Ғаламторда одан да көп ақша табуға болады, тек ол жерде қауып қатер көп. Күтпеген жерден ұтылып қалуға да болады әрине. Деген мен ептеп, баппен қимылдаса, ақшасы да келеді:

![ақша табысы](http://storage.yvision.kz/images/user/bolat111/3CrJcVAZu5udAzD4PukDumrLzvxEmk.gif)

Естеріңде болсын, барлық әлем қазір ғаламторда ақша табудың жолдарын қарастырып жүр. Ең қолайлы табыс көзі осы жерде. Оған себеп - әлі талай мемлекеттер ғаламторға шыға алмай жүр. Бір неше жылда олар ғаламторға қосылады, сол кезде сіз оларға дайын ақша табу құралын ұсынсаңыз, сізден бай адам болмас. Қазір Facebook Шын (China) еліне кіре алмай отыр. Google тегін интернет қызметін таратам дейді. Барлығы өздеріне клиент базасын көбейтіп алғысы келеді.

Мысалы [Neobux](https://www.neobux.com/) ауылында 10 млн астам адам тіркелеген, күніне төленетін ақша көлемі 100 000 (жүз мың!!) доллардан астам. Ол деген біздегі KCell, Beeline, Tele2 абонент базасы санымен пара пар келеді. Ал [Neobux](https://www.neobux.com/) бір адамның қолында тұр. Ертең осыған Шын елі қосылса, немесе Дін (Индия) елі қосылса, одан ары Пәк (Пакистан) елі бар. Осындай бизнестің өте жақсы жағы - уақыт өте тек өсе береді. Бір басталған ауыл парағы балашағаңды ғасырлар бойы асырайды. Және сізге пара беріп жұмыс іздеу керек болмайды. Нағыз егемен боласың!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-a-sha-tabu-zholdary-a-pan-2016-672140](https://yvision.kz/kk/post/alamtorda-a-sha-tabu-zholdary-a-pan-2016-672140)