---
title: "«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды"
description: "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың \"Ғаламның генетикалық коды\" а..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-24T04:36:09+00:00"
modified: "2017-03-24T05:48:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamny-genetikaly-kody-suret-k-rmesi-ashyldy-761004"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamny-genetikaly-kody-suret-k-rmesi-ashyldy-761004/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды

> Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" а...

![«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/d1Gb6SNuXEF3XBNgWdJHoaa73p5QE6.jpg)

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" атты көрмесі ашылды. Бұл - ғылым мен өнерді ұштастыра білген ерекше жоба.

![«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/RZcKd2x6TzLC52Z6CGiI36DYSqx766.jpg)

Іс-шара "Астана Экспо-2017" халықаралық көрмесіне арнайы ұйымдастырылған. Көрмеге кескіндемелер, нысандар, видеоинсталляциялар қойылды. Суретшінің туындыларында ғарыш энергия ретінде көрінеді. Оның композицияларынан ғарыштық дүниенің бар ғажайыбын байқауға болады.

![«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/r20Y8581zr5pnf7vtg1tu0g5kp47bA.jpg)

Люба Стерликова - америкалық суретші. Оның туындылары АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Италия, Ресей секілді елдердегі 80-нен астам көрмелерде ұсынылған. Көрме 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін созылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alamny-genetikaly-kody-suret-k-rmesi-ashyldy-761004](https://yvision.kz/kk/post/alamny-genetikaly-kody-suret-k-rmesi-ashyldy-761004)