---
title: "Қаламгер Софы Сматаевтың Бауыржан Момышұлына арналған эссесінен алар ғибрат"
description: "Софы Сматаев- қазақтың қарагер қаһарманы Бауыржан Момышұлымен жүзбе-жүз тілдесіп, батыр жайында көпт..."
author: "ShalkarovaAidana"
published: "2021-04-17T06:49:15+00:00"
modified: "2021-04-17T06:49:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamger-sofy-smataevty-bauyrzhan-momysh-lyna-arnal-an-essesinen-alar-ibrat-931297"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alamger-sofy-smataevty-bauyrzhan-momysh-lyna-arnal-an-essesinen-alar-ibrat-931297/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаламгер Софы Сматаевтың Бауыржан Момышұлына арналған эссесінен алар ғибрат

> Софы Сматаев- қазақтың қарагер қаһарманы Бауыржан Момышұлымен жүзбе-жүз тілдесіп, батыр жайында көпт...

Софы Сматаев- қазақтың қарагер қаһарманы Бауыржан Момышұлымен жүзбе-жүз тілдесіп, батыр жайында көптеген естеліктерді өз аузынан жазып алған қаламгерлердің бірі. Бауыржан Момышұлымен бетпе-бет жүздесіп, онымен әңгіме-сұхбат құру кез келген журналистің қолынан келе беретін іс деп айта алмаймын. Мысалы, Әзілхан Нұршайықов батырмен сұхбат құрып, «Ақиқат пен аңыз» атты құнды еңбекті жарыққа шығарды. Әзілхан мен Софы жазушылардың туындыларын оқу арқылы ұлы батырдың сипатын танып-білгендей күй кешесің. Софы Сматаев та редакцияның бұйрығымен Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасады. Оның сұхбат кезінде іштей қалай толқып, не айтарын білмей қобалжыған сәттерінде өзің де сол жерде отырғандай сезімде болады екенсің. Оның кішкене еңбегінің өзінде Бауыржан Момышұлының қаншама қадір-қасиеті мен қайсар мінезі жатыр. Қаламгер батырдың қалай қозғалып, қандай интонациямен сөйлегеніне дейін суреттеген. Софы Сматаев батырдың тек батырлығын айтпай, оның бойындағы әкелік мейірімді де, қазақи қонақжайлықты қоса айтады. Үйіне интервью алуға барған сайын ас ішпей кетпейтінін, Бауыржан атамыздың өз қолымен ет асатқанын баяндап береді.

Қорыта айтқанда, мен Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған кез келген естеліктен толассыз әсер аламыз. Менің ойымша, батырдың қатал болса да мейірімі көрініп қалатын, майдан адамы болса да ақылын айтып қалатын ерекше қасиеті кез келген оқырманды баурап, сүйсіндіріп алатыны сөзсіз. Аталмыш туындыда Бауыржан атамыздың ауырғаны қарамастан кеңпейілділік танытып, өзінің көрген ақылын айтқан сәттерінің суреттелуі- әрбір оқырман үшін үлкен үлгі-өнеге, тәрбие.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alamger-sofy-smataevty-bauyrzhan-momysh-lyna-arnal-an-essesinen-alar-ibrat-931297](https://yvision.kz/kk/post/alamger-sofy-smataevty-bauyrzhan-momysh-lyna-arnal-an-essesinen-alar-ibrat-931297)