---
title: "Қалам,бәйге, қалайсың?"
description: "Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша «Ең дарынды болаш..."
author: "daniyal_nigm"
published: "2016-03-25T01:05:26+00:00"
modified: "2016-03-25T01:05:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alam-b-yge-alaysy-685271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alam-b-yge-alaysy-685271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалам,бәйге, қалайсың?

> Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша «Ең дарынды болаш...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр.

![Қалам,бәйге, қалайсың?](https://storage.yvision.kz/images/user/daniyal_nigm/ZiOl766PsjhJgtQ1NkhMVorJGc8L0B.jpg)

Бұл олимпиада еліміздің әр аймағынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жоғары оқу орындарының ең үздік студенттерінен құралған командалар бақ сынауда.

Олимпиада ережесі бойынша 1-турда «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистика негіздері», «Шетел журналистикасы», «Тележурналистика» бойынша бақтарын сынайтын болады. Ал, 2- турында: «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша өз шеберліктерін көрсететін болады.

Болашақ журналистерге әділ бағасын беруге әзір отырған әділқазылар алқасы: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университететі, ф.ғ.к., журналистика факультетінің деканы Медеубек Сағатбек, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Кенжалин Жұмабек, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдірайымұлы Асылхан, промо ТВ маманы Сләмбек Мақсат, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті, тележурналист.

Олимпиада жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Студенттердің дайындықтары өте жақсы. Сәттілік тілей отырып, «Ең дарынды болашақ журналистің» жеңеріне сенеміз.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, жас тілшілер

Анасова Дина

Ерманат Ақмарал

Нығметолла Даниял

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alam-b-yge-alaysy-685271](https://yvision.kz/kk/post/alam-b-yge-alaysy-685271)