---
title: "Қалалық радио тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде айтылды"
description: "2017 жылдың 21 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-21T23:40:17+00:00"
modified: "2017-08-21T23:40:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alaly-radio-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-zh-ninde-aytyldy-776316"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alaly-radio-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-zh-ninde-aytyldy-776316/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалалық радио тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде айтылды

> 2017 жылдың 21 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

2017 жылдың 21 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш қалалық «Талап» радиосының «Актуалды сұхбат» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама барысында басшының орынбасары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау және талдау бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, бағдарламада құқықтық сананы жоғарылату мен жастардың бойында кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, радиотыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alaly-radio-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-zh-ninde-aytyldy-776316](https://yvision.kz/kk/post/alaly-radio-ty-daushylaryna-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-zh-ninde-aytyldy-776316)