---
title: "Қалалық орысшаланған ата-аналарға: балаңызға «Балапан» арнасын көрсетіңізші"
description: "Бала тәрбиесі бесіктен деген. Негізі ата-әжесінің тәрбиесін көрген баланың жүріс-тұрысы , сөйлеген с..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-17T05:48:08+00:00"
modified: "2016-08-17T05:48:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alaly-orysshalan-an-ata-analar-a-bala-yz-a-balapan-arnasyn-k-rseti-izshi-707503"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alaly-orysshalan-an-ata-analar-a-bala-yz-a-balapan-arnasyn-k-rseti-izshi-707503/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалалық орысшаланған ата-аналарға: балаңызға «Балапан» арнасын көрсетіңізші

> Бала тәрбиесі бесіктен деген. Негізі ата-әжесінің тәрбиесін көрген баланың жүріс-тұрысы , сөйлеген с...

Бала тәрбиесі бесіктен деген. Негізі ата-әжесінің тәрбиесін көрген баланың жүріс-тұрысы , сөйлеген сөзі тіптен бөлек. Ал, қалалық жерде «асфальтта» әке-шешесінің бетіне қарап өскен баланы бірден байқауға болады. Өзіміз астанада көп қабатты үйлердің бірінде тұрамыз. Кешкісін аулада «қызық» картиналарға куә боламыз. Қазіргі балалар біртүрлі не қазақша, не орысша түсінбейтін дүбара дерсің. Топырақ шашпай әрі ойнайсың ба, қатты айқайламайсың ба деген ескерту сөздеріңе пысқырып та қарамайды ғой. Әнеугүні шамасы 5-6 жастағы ер баланы шақырып алып, ескертуімді жақыннан айтып едім бетіме бедірейіп бір қарады да тұра берді. Қазақша түсінесің бе, әлде орысша айтайын ба дегенімде, «мама, мне говорила с чужими не общаться» демесі барма. Рас, педофил, кісі ұрлығы қаптаған заманда ондайлардан қорқудың да орны бар. Бірақ, айтқанға құлақ аспай, ауладан күнде көріп жүрген үлкен адамның айтқанын алу керектігін білмегені ме дерсің. Қанша дегенменде балаға қазақы тәрбие берген дұрыс па дерсің. Кемпір-шалдың тәрбиесін көрген өзіміз қор болып қалған жоқпыз. Үлкеннің алдын кеспеу, сәлем беру секілді тәрбиені бойымызға сіңіріп өстік. Қалалық орысшаланған ата-аналарға кеңес ретінде болмағанда балаңызға «Балапан» арнасын қосып беріңізші. Қазір қазақша керемет мультфильмдер, бағдарламалардың балаға берері зор. Ауылдағы ағайынымыздың баласы «Балапанды» үзбей көреді екен. Сөйлеген сөздеріне қарасаң түйеден түскендей. Әке-шешесі «Балапаннан» жаттап алған деп күліп отырады. Балаған жалпы қазақы тәрбие берсек ұтылғанымыздан ұтарымыз артық болмай ма. Сіз қалай ойлайсыз?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alaly-orysshalan-an-ata-analar-a-bala-yz-a-balapan-arnasyn-k-rseti-izshi-707503](https://yvision.kz/kk/post/alaly-orysshalan-an-ata-analar-a-bala-yz-a-balapan-arnasyn-k-rseti-izshi-707503)