---
title: "Қала күніне арналған велошеру"
description: "2015 жылдың 5 қыркүйек күні Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қала күніне» орай велошеру ө..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-07T03:47:34+00:00"
modified: "2015-09-07T03:47:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ala-k-nine-arnal-an-velosheru-537144"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ala-k-nine-arnal-an-velosheru-537144/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қала күніне арналған велошеру

> 2015 жылдың 5 қыркүйек күні Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қала күніне» орай велошеру ө...

![Қала күніне арналған велошеру](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/efb9JlqpZOn8x6RWeMc05DpZx8H7az.jpg)

2015 жылдың 5 қыркүйек күні Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қала күніне» орай велошеру өтті.

Шараға облыс әкімі Н.А.Ноғаев, зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның альпинисттер құрама командасының капитаны М.Жұмаев, департамент пен басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, спортшылар және жастар қатынасты.

Велошеру Орал қаласындағы Теннис орталығынан басталып, Абай алаңында аяқталды. Шара соңында велошеруге қатысқан ардагерлерге, ең жас өкілге және ерекше велосипедпен шыққан азаматтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салауатты өмір салтын ұстану департаменттің алдына қойған міндеттерінің бірі болып табылатындықтан, велошеруге Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Н.Б.Сүйінбаев бастаған қызметкерлер қатынасты. Барлық қызметкерлер «Жемқорлыққа жоқ!, «Нет коррупции!», «call-center 1494» жазулары бар футболкалар киді.

![Қала күніне арналған велошеру](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/pbMmxpr3zDaYYvEaNoH3ZA9QI2fEyQ.jpg)

![Қала күніне арналған велошеру](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/ypQXSZbpfA0Di2e2dGyYepcbaS7ltb.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ala-k-nine-arnal-an-velosheru-537144](https://yvision.kz/kk/post/ala-k-nine-arnal-an-velosheru-537144)