---
title: "Қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді."
description: "24.02.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қ.Теңелбаев мәслихат депутаттарымен бірге Үштөбе қаласы..."
author: "nurotan_nur.karatal"
published: "2021-02-25T05:25:52+00:00"
modified: "2021-02-25T05:25:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ala-auyl-belsendilerimen-kezdesuler-tkizdi-924341"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ala-auyl-belsendilerimen-kezdesuler-tkizdi-924341/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді.

> 24.02.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қ.Теңелбаев мәслихат депутаттарымен бірге Үштөбе қаласы...

24.02.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қ.Теңелбаев мәслихат депутаттарымен бірге Үштөбе қаласы мен ауданымыздың 9 ауылдық округ аумақтарын аралап, жергілікті активпен,яғни, қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында әрбір округтегі өзекті мәселелер анықталып, ауылдың тыныс тіршілігі талқыланды. Өздерінің тұрғылықты жерлерінің қыр-сырын білетін ауыл тұрғындары елдің жай-күйі туралы депутаттарды хабардар етті. Ал депутаттар болса, ақсақалдармен дидарласып, олардың бүгінгі жағдайларымен танысып, Қаратал ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мазмұнымен қысқаша таныстырып, оның іске асырылуы бойынша түсініктеме берді. #Сәттіқадам

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ala-auyl-belsendilerimen-kezdesuler-tkizdi-924341](https://yvision.kz/kk/post/ala-auyl-belsendilerimen-kezdesuler-tkizdi-924341)