---
title: "Ал керек болса! Кір жуатын ұнтақты да қолдан жасап жатыр"
description: "Шымкентте кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Екі күдікті ұсталған. Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендт"
author: "jan.123"
published: "2024-02-21T08:38:42+00:00"
modified: "2024-02-21T08:38:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-kerek-bolsa-kir-zhuatyn-nta-ty-da-oldan-zhasap-zhatyr-1001411"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-kerek-bolsa-kir-zhuatyn-nta-ty-da-oldan-zhasap-zhatyr-1001411/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ал керек болса! Кір жуатын ұнтақты да қолдан жасап жатыр

> Шымкентте кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Екі күдікті ұсталған. Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендт

*Шымкентте кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Екі күдікті ұсталған.*

![Ал керек болса! Кір жуатын ұнтақты да қолдан жасап жатыр](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/b5b8b483d1727ca216913ef01479cf.jpg)

Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған.

Түркістан облысының ПД қызметкерлері тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді.

Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/al-kerek-bolsa-kir-zhuatyn-nta-ty-da-oldan-zhasap-zhatyr-1001411](https://yvision.kz/kk/post/al-kerek-bolsa-kir-zhuatyn-nta-ty-da-oldan-zhasap-zhatyr-1001411)