---
title: "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық жастар конференциясы өтті"
description: "2025 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған «БҰҰ моделі – Жаңа Жібе?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-05-07T17:10:40+00:00"
modified: "2025-05-07T17:10:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-farabi-atyndagy-kazuu-de-buu-modeli-zhana-zhibek-zholy-2025-halykaralyk-zhastar-konferenciyasy-otti-1013896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-farabi-atyndagy-kazuu-de-buu-modeli-zhana-zhibek-zholy-2025-halykaralyk-zhastar-konferenciyasy-otti-1013896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық жастар конференциясы өтті

> 2025 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған «БҰҰ моделі – Жаңа Жібе?...

**2025 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық жастар конференциясы өтті.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/001202cfd643d8a3159b3dd1a31a6832.jpg?width=1280&height=851)

Іс-шараны Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросы мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың қолдауымен университет ұйымдастырды. Конференцияға Орталық Азия елдері мен Қытайдан келген 200-ге жуық студенттер мен жас делегаттар қатысты. Шара университеттің ірі мәдени-ағартушылық орталықтарының бірі – әл-Фараби кітапханасында офлайн форматта өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/515c55f02e3b81fce9b84cd50c58bab0.jpg?width=1280&height=831)

Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның бес негізгі комитетінің жұмысына модельдік форматта қатысып, БҰҰ-ның Болашақ саммитінің құжаттарында көрініс тапқан жаһандық сын-қатерлер мен тұрақты даму мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, келесі құжаттар негізге алынды: «Болашақ үшін пакт», «Жаңа цифрлық келісім» және «Болашақ ұрпақтар декларациясы».

Комитеттер келесі тақырыптар бойынша жұмыс жүргізді:

- БҰҰ Бас Ассамблеясы: киберсоғыс және цифрлық егемендік;
- Халықаралық көші-қон ұйымы: миграцияны басқарудағы жасанды интеллект рөлі;
- БҰҰ Халық саны жөніндегі қоры: репродуктивті құқықтар және әйелдерге арналған білім беру;
- БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы: теңіз экожүйесін сақтау;
- Орталық Азия + Қытай: тұрақты агроазық-түлік жүйелерін дамыту.

Конференция жас буынды жаһандық мәселелерді шешуге тартудың жарқын үлгісі болды. Қатысушылар дипломатиялық шеберліктерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/278e3edf77a6f3a34d0f1888b415cfa2.jpg?width=1280&height=863)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/al-farabi-atyndagy-kazuu-de-buu-modeli-zhana-zhibek-zholy-2025-halykaralyk-zhastar-konferenciyasy-otti-1013896](https://yvision.kz/kk/post/al-farabi-atyndagy-kazuu-de-buu-modeli-zhana-zhibek-zholy-2025-halykaralyk-zhastar-konferenciyasy-otti-1013896)