---
title: "Алғашқы сапар"
description: "Бүгін, 2014 жылдың 2 шілдесінде Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік..."
author: "elnurmak"
published: "2014-07-02T15:00:52+00:00"
modified: "2014-07-06T15:04:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-sapar-420029"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-sapar-420029/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алғашқы сапар

> Бүгін, 2014 жылдың 2 шілдесінде Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік...

Бүгін, 2014 жылдың 2 шілдесінде Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Атырау қаласына алғаш рет сапар шекті. Мақсатымыз - Атырау қаласында орналасқан Алтын Орда астанасы, Киелі Сарайшық қаласын зерттеп, танысу болды. Алған әсерлерімізді өлең түрінде жеткізуді жөн көрдік. Назарларыңызға Қасым ханның қызы туралы аңыздың өзіміз шығарған қайталама үлгісін ұсынамыз:

Қасым ханның ең сүйікті қызы боп-ты,

Ең сүйікті қызын бүкіл ел сүйіпті,

Қызының қалағанын жасаймын деп,

Қызына арнап, Қасым хан көл қазыпты.

Қызы оның қыдыруды жақсы көрді,

Кеш келгенде әсем, сұлу шашын өрді,

Жасанды көлде қызы батпасын деп,

Көңіл - күйі қара-ұйқыға жатпасын деп,

Қасым хан қызына алтын қайық салды,

Бақыт көрген қызы оны сатпасын деп.

Көлменен жүзген сайын аяулысы,

Шекер сеуіп күн сайын тоқтамады,

Күн сайын ақ аққудың баяулысы,

Көлге келіп, ұшуын тоқтамады,

Әсем құсты көргендер көзін жарып,

Қыздың аққудай сұлу екенін жоқтамады.

Күннен кейін күн өтіп, бір мезет еді,

Қасым ханға жаман хабар келіп еді.

"Сүйікті аяулысы қаза бопты,

Он төрттен, он бестегі шағы еді,

Қасым хан шақырыпты батырларын,

Батырдың саны сонда жетеу болды,

Сол жетеуге ханза беріп тапсырманы,

Сол жерде айтқан сөзі осы бопты:

Қызымды жерлеуге бір күн берем,

Сатсаңдар жаппай ерем арттарыңнан

Таптасын жатқан жерін бір-бірі жан,

Орыңдасаңдар үйлеріңе қазына жіберемін.

Сол жетеу барлығын да бір қымдапты,

Ханзаның жан-тілегін орындапты,

Соны айғақтап, уәделерін бергеннен соң,

Қасым хан сол Жетеудің басын апты.

![Алғашқы сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/1tQXHK6HU119RgmnLP1GI196E0ZWQF.jpg)

Қазақтың алғашқы астанасы,

Сарайшық - орта ғасыр бас қаласы.

Бұл орын толы ғой сиқырларға,

Киелі жер, ғажайып орындарға.

 

Хан ордалы Сарайшық мұражайы,

Молдаш ата көне орын кемеңгері.

Бұл жерде жеті хан жерленіпті,

Оған дейін жүздеген хан ел билепті.

 

Осының құрметіне ескерткіш бой көтерген,

99 жыл мамыр-тамызында каланып келген.

Биіктігі 17 метрге жеткен еткен,

Ашылуды Елбасы өзі өткізген.

 

Жеті ханның құрметіне құлпытас қойылыпты,

Әрқайсысы әулие ағаш бойында орын алыпты.

Ағаштың қасиеті бар бір киелі,

Емдей алады ауруыңды, індетіңді.

 

Соқыр-мылқау, керең бала болыпты,

Бір күні Сарайшыққа барып көріпті.

Қысқы аяз, қар-нөсерге елемеймін деп,

Бір түнеп, ағаштан саулық тілеп,

Таң ертең сөйлеп, тыңдап, көріп кетті.

Жанданып, өмірге енді кеп-ті.

Шынымен, киелі жер көзім жетті,

Бұл оқиға жүрекке сіңіп кетті.

![Алғашқы сапар](https://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/5b5mMx8a18YjAU8Zh537Ae86M5lZoo.jpg)

Әулие ағаш орналасқан "Жеті ханның" ескерткіші

![Хан ордасы Сарайшық мұражайы](https://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/kiXg6PlIOi9zIsMcqRTEU48gUmA4un.jpg)

Иманғали Тасмағанбетовтің бастамасымен салынған мешіт.

Келесі көріскенше...

Жазғандар: Камал Нұралы

Апушев Еламан

Редактор: Еслям Мақсат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-sapar-420029](https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-sapar-420029)