---
title: "Алғашқы «болашақтықтар» ма? Қазақ студенттері 1919 жылы Жапонияда оқыған"
description: "Белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы өте қызық жаңалықты жария етті. Оны Мәжіліс депутаты, «Ақ жол»..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-18T04:05:14+00:00"
modified: "2024-01-18T04:10:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-bolasha-ty-tar-ma-aza-studentteri-1919-zhyly-zhaponiyada-o-y-an-1000010"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-bolasha-ty-tar-ma-aza-studentteri-1919-zhyly-zhaponiyada-o-y-an-1000010/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алғашқы «болашақтықтар» ма? Қазақ студенттері 1919 жылы Жапонияда оқыған

> Белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы өте қызық жаңалықты жария етті. Оны Мәжіліс депутаты, «Ақ жол»...

Белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы өте қызық жаңалықты жария етті. Оны Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев әлеуметтік желіде бөлісті.

![Алғашқы «болашақтықтар» ма? Қазақ студенттері 1919 жылы Жапонияда оқыған](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/764e9acc345ae5d46e83f07c1b6c50.jpg)

«1920 жылдың 21 маусымында жарық көрген «Вольный горец» (Тифлис) газетінің бір санында «Жапониядағы қырғыз студенттері» деген шағын ақпарат жарияланған екен. Яғни сонау 1919 жылдың өзінде Алашорда (Алаш республикасының үкіметі) Жапония үкіметімен қазақ жастарын (жігіттермен қатар, қыздар да бар!) қабылдап, сол елдің жоғары оқу орындарында оқуының қаржысын өтеу бойынша келісімге келген екен. 1919 жылдың соңы - 1920 жылдың басында Жапония алғашқы қазақ студенттерін қабылдап, Жапон үкіметі қазақ студенттерінің Еуропа мен Америкадағы оқуын қаржыландыруды мойнына алған екен. Алаш көсемдерінің қаншалықты прогресшіл болып, өз заманынан оза туғанына тағы да көзім жетті», – деп жазған Азат Перуашев.

![Алғашқы «болашақтықтар» ма? Қазақ студенттері 1919 жылы Жапонияда оқыған](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/fcb5bdb5bd9b3b9289d470fa434ae5.jpg)

Бұл шынымен де өте қызық және құнды тарихи дерек болып тұр. Осыдан кейін алашордашыларда да қазіргі "Болашақ" тәрізді бағдарлама жасау ниеті болған ба деген ой туындайды.

https://t.me/peruash/10681

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-bolasha-ty-tar-ma-aza-studentteri-1919-zhyly-zhaponiyada-o-y-an-1000010](https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-bolasha-ty-tar-ma-aza-studentteri-1919-zhyly-zhaponiyada-o-y-an-1000010)