---
title: "Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні."
description: "Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді...."
author: "Abitaevna"
published: "2014-11-10T11:54:06+00:00"
modified: "2014-11-10T11:54:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-altyn-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-3-k-ni-438787"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-altyn-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-3-k-ni-438787/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.

> Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді....

Негізгісінен бастайық. Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы алғаш алтынды иеленді. Алматыдағы Балуан Шолақ сарайының түндігі 134 келі көтеріп, әлемдік рекордты жаңартқан Зүлфияның есімімен жаңғырықты. Ұзағынан сүйіндірсін!!!

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/Oq6d7Hx3RHGzA65RRE9xi8Q68kAJzw.jpg)

Ал енді рет-ретімен.

Балуандардың бәсекесін көруге мүмкіндік берерлік Балуан Шолақ сарайына кіретін билет құны 500 - 5000 теңге аралығында. Осыған дейінгі баспасөз-мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "билеттер түгелдей дерлігімен сатылып кетті" деген еді. Билеттердің табысы кейінірек есептелінер, дегенмен де спортшыларымыз жанкүйерліктен кенде болған жоқ.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/o3HAtaXFtnYnyB68aQL1mKK5DEKe0p.jpg)

Байқадыңыздар ма?

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/X8Rw77m56686mH8QGxmYRJl2oM1g3l.jpg)

Украиналық қонақтар да есе жіберген жоқ.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/h9qPqj7xLL0X3X08U9Cp2n8ct3Yf0A.jpg)

Made in Жапония

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/jww8nUNH8ji1ZAy0ly973RXf49OTML.jpg)

Әзірге колумбиялық спортшының бағы жанбады.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/E0aB0laHGaWUjXE2LvH0HNsIgAfuXC.jpg)

Индонезия делегациясы. Чемпионат чемпионатымен, түскі астың жөні бөлек.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/BI61d9k40G4XOHF705g64tRscYr16F.jpg)

Түркиялық бауырлар.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/6uFWa2PACGaTNM92HVpkH3gCXGctEs.jpg)

16:00 де басталған 56 келі арасындағы қыздар жарысы бойынша отандасымыз Зүлфия Чиншанло жұлқа және серпе көтеруде барлығы 236 келі көтерді. 218 келі көтерген тайпейлік Сюй Шуцзин күміс медаль, қытайлық Ли Жансун барлығы 214 келі көтеріп қола медаль иеленді.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/1f4iPUz2SI7VB34R0XsYib29FK6m3h.jpg)

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/B755EEhY6l76p433ZmB939KslvZbo5.jpg)

АЛ кешкі сағат 19:00-де 67-68 салмақ арасындағы ерлер бәсекесі басталды. Айта кету керек, серпе көтеру жігіттерге барынша ауыр тигендей. 2-3 мүмкіндікті көбісі дерлік пайдалана алмады.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/2XUa5qf3y9rLZH4ge0Y18yrxQcff6O.jpg)

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/mvxff7nMSN958mDE8338dyiblEJj5j.jpg)

Қазақстан намысын қорғаған Алберт Линдер 305 келімен 10-шы орыннан көрінді. Бар болғаны 1996 жылғы.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/4tyKCrPCi0CvLAQKH7NddRgXXBGf1Z.jpg)

Бұл сайыстың рекордын 359 келі көтерген қытайлық Ляо Хуэй орнатты.

![Алғашқы алтын! Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының 3-күні.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/O48hL8ZZ78xKRc0roJZ4FFJvtyE73q.jpg)

Алдағы бір аптаның нағыз тартысты бәсекеге толы болары сөзсіз. Әзірге түпу-түпу, көз тимесін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-altyn-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-3-k-ni-438787](https://yvision.kz/kk/post/al-ash-y-altyn-auyr-atletikadan-lem-chempionatyny-3-k-ni-438787)