---
title: "Актер болу үшін қандай сынақтардан өту керек?"
description: "Актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Жақында ғана елордаға қоныс аударған бел..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-10T01:59:29+00:00"
modified: "2015-12-10T01:59:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/akter-bolu-shin-anday-syna-tardan-tu-kerek-666886"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/akter-bolu-shin-anday-syna-tardan-tu-kerek-666886/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Актер болу үшін қандай сынақтардан өту керек?

> Актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Жақында ғана елордаға қоныс аударған бел...

Актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы.

![Актер болу үшін қандай сынақтардан өту керек?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/bhz2BH87N3lPP5zXNB81oStpfsceRS.png)

Жақында ғана елордаға қоныс аударған белгілі каскадер, профессор Жалынбек Ақанның әр сабағы дене қыздырудан басталады. Содан кейін барып күрделі іс-әрекеттерге кіріседі. Кесе ішіндегі суды төгіп алмай билеу - емтихандағы негізгі жаттығулардың бірі.

«Сахнада көптеген қимылдар бар. Ең бастысы, сақтық шараларын білу керек. Сақтық шараларын қолдана отырып, қимыл-әрекет жасау - шеберліктің шыңы саналады», дейді ол.

Мысалы, тарихи қойылымдардағы найза, қылыш, қанжар сынды қарулар сахнада да шынайы болады. Оларды көтере жүріп әрдайым қозғалыста болу кәсіби шеберлікті талап етеді.

Сондай-ақ, актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Сахна шеберлерінің тілі таза болуы үшін бірнеше физикалық жаттығулар бар.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/akter-bolu-shin-anday-syna-tardan-tu-kerek-666886](https://yvision.kz/kk/post/akter-bolu-shin-anday-syna-tardan-tu-kerek-666886)