---
title: "Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді"
description: "Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпион..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-30T07:01:20+00:00"
modified: "2013-09-30T07:01:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-esuden-aziya-chempionatynda-aza-stan-zdik-bestikti-ataryna-endi-376687"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-esuden-aziya-chempionatynda-aza-stan-zdik-bestikti-ataryna-endi-376687/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді

> Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпион...

[!\[Академиялық есу\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/67AF1115-2CC2-450A-A12A-FC52E6E2F517_w640_s-300x185.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/67AF1115-2CC2-450A-A12A-FC52E6E2F517_w640_s.jpg)

Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарыста ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 күміс, 3 қола медальмен 5-орын алды. Атап айтқанда Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, Мария Василева мен Мария Поида жұптық жарыста және командалық жарыста ел қоржынына 3 күміс медаль салды. Жекелей сында Александра Опачанова 2 бірдей қола жүлдені иеленді. Ал ерлер арасында ел қоржына түскен жалғыз қоланы жұптық жарыста Григорий Феклистов пен Дмитрий Филимонов қосты. Енді 13-18 қазан айында Самарқандта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты болады. Жалпы Азиялық есу федерациясы 1982 жылы құрылған болатын. Ол қазіргі таңда 32 елдің ұлттық федерацияларының басын қосып отыр.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-esuden-aziya-chempionatynda-aza-stan-zdik-bestikti-ataryna-endi-376687](https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-esuden-aziya-chempionatynda-aza-stan-zdik-bestikti-ataryna-endi-376687)