---
title: "«Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі»"
description: "2018 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалды..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-11-05T13:28:58+00:00"
modified: "2018-11-05T13:28:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-adaldy-m-seleleri-men-keleshegi-818599"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-adaldy-m-seleleri-men-keleshegi-818599/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі»

> 2018 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалды...

2018 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинарға облыстағы колледждердің директорлары мен орынбасарлары қатынасты.

Шараны ұйымдастырушылар – БҚО білім басқармасы, БҚО ішкі саясат басқармасы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин семинарға қатысушыларға «Саналы ұрпақ» жобасын таныстырып, академиялық адалдықты қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқытушыларымен тренингтер ұйымдастырылып, тәжірибе алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-adaldy-m-seleleri-men-keleshegi-818599](https://yvision.kz/kk/post/akademiyaly-adaldy-m-seleleri-men-keleshegi-818599)