---
title: "Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды"
description: "2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлеке..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-06-10T12:43:36+00:00"
modified: "2020-06-10T12:43:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858892"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858892/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды

> 2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлеке...

2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқылды.

Дәріс тыңдаушылары – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық басқармалар және Бәйтерек, Шыңғырлау аудандарының мемлекеттік қызметшілері.

Дәріс барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу тәртіптері түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қоғам өкілдерін іс-шараларға қатыстыру мәселелері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан қойлыған сұрақтарға жауап берілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858892](https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858892)