---
title: "Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды"
description: "2020 жылдың 9 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-06-09T11:57:10+00:00"
modified: "2020-06-09T11:57:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858818"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858818/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Академия тыңдаушыларына кезекті дәріс оқылды

> 2020 жылдың 9 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет...

2020 жылдың 9 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы тыңдаушыларына дәріс оқылды.

Дәріс барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу тәртіптері түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, қоғам өкілдерін іс-шараларға қатыстыру мәселелері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан қойлыған сұрақтарға жауап берілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858818](https://yvision.kz/kk/post/akademiya-ty-daushylaryna-kezekti-d-ris-o-yldy-858818)