---
title: "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы"
description: "«Республика күні» ұлттық мереке аясындаАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» респуб..."
author: "bokeyorda.nurotan.kz"
published: "2022-08-26T14:16:16+00:00"
modified: "2022-08-26T14:16:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ahmet-bayt-rsyn-lyny-150-zhyldy-yna-arnal-an-ly-dala-respublikaly-shy-armashyly-bay-auy-973717"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ahmet-bayt-rsyn-lyny-150-zhyldy-yna-arnal-an-ly-dala-respublikaly-shy-armashyly-bay-auy-973717/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

> «Республика күні» ұлттық мереке аясындаАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» респуб...

«Республика күні» ұлттық мереке аясында

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған

«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.«AMANAT» партиясы«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын (бұдан әрі –байқау)«AMANAT» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында өткізеді.

2. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерінжәне тәртібін айқындайды.

3. Байқаудың мақсаты –Республика күні қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін кеңінен дәріптеу. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.

4. Тақырыптық ұсыныстар:

Өз шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін, сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жазушыларды, ақындарды, драматургтерді, балалар жазушыларын анықтау және оларға қолдау көрсету;

Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларындағы ойларды жаңғырту және ағартушылық еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу;

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Екінші Республика» және «Жаңа Қазақстан»ұғымындағыидеялар мен құндылықтардыкеңінен ашу;

Республика күніне орай Елорданың – ел тәуелсіздігінің басты нышанына, жалпыұлттық құндылыққа және халықты ынтымаққа, ортақ мүддеге жұмылдыра білген халықаралық деңгейдегі саяси-экономикалық, рухани-мәдени орталыққа айналуы қаламгерлердің еңбектерінде көрініс тауып, оның тарихи жетістіктерінің маңыздылығын жастарға өнеге ету.

5. Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы (бұдан әрі – ұйымдастырушы), бірлесіп ұйымдастырушы –Қазақстан Жазушылар одағы.

6. «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізуді үйлестіру ісі байқаудыңөткізілуінұйымдастыру комитетіне (одан әрі – ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Ұйымдастыру комитетінің құрамы партия Атқарушы хатшысыныңбұйрығымен бекітіледі.

7. Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі.

8. Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі партияның ресми аккаунттарында жариялау арқылы ұсынылады.

2. Байқауды өткізу тәртібі

9. Байқаутөрт номинация бойынша өткізіледі:

«Проза» номинациясы

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;

«Поэзия»номинациясы

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;

«Драматургия»номинациясы

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;

«Балаларға арналған шығарма»номинациясы

Бірінші орын (1 жүлде) – 1000 000 теңге;

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.

10. Байқаудың басталуы туралы хабарландыру партияның ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

11. Байқауға қатысу үшінжұмыстарды қабылдау 2022 жылғы 26тамызбен 10қазан аралығындажүзеге асырылады.

12. Байқауға келіп түскен жұмыстарaikyn.kzсайтында «Ұлы дала» айдары аясында жарияланады.

13. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқаукомиссиясы2022 жылғы10-17қазанаралығындақарайды.Жұмыс қорытындысы бойынша байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

14. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

3. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі

15.Байқауға20-дан45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.

16. Бір автор/авторлартобы тек бір номинацияға қатыса алады.

17. Байқауға қатысу үшін жіберілетін жұмыстар қазақ тілінде жазылады.

18.Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеуқойылмайды.

19. Байқауда авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қарастырылмайды.

20. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін«Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.

21. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.

22. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып:

- осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді;

- ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;

- ұйымдастырушыға немесе бірлесіп ұйымдастырушыға қойылатын қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.

23. Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

24. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Поэзия» номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, «Драматургия» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына10беттен аспайтын шығармалар жіберіледі.

25. Байқау жұмыстарыА-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде,1,0 аралықта терілуі керек.

26. Байқауға жіберілетін материалдар:

1) Шығармалардыбайқауды ұйымдастыру комитетіне мына электрондық мекенжайға жіберу қажет:ulydala@amanatpartiasy.kz;

2) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;

3) Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауындаавтордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: altynsaqa_proza;

4) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автортуралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуітиіс.Мысалы: аltynsaqa_Азамат Азаматов деп сақтауы тиіс;

5) Ұйымдастыру комитеті талаптарға сай жолданған шығармаларды бүркеншік атпен аikyn.kz сайтында«Ұлы дала» байқауы айдарында жариялауды ұйымдастырады;

6) Ұйымдастыру комиссиясы аikyn.kz сайтында жарияланған байқау шығармаларының арасынан төрт номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды;

7) Шығармалар 2022 жылғы26тамызкүні сағат 12.00-ден10 қазанкүні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

27. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

28. Байқау комиссиясының құрамына партия орталық аппаратының және Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, ғалымдар, белгілі қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.

29. Байқау комиссиясының құрамы партия Атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.

30. Байқау комиссиясы бірінші отырыста дауыс беру парағын бекітеді.

31. Байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде байқаукомиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауғаұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлықтұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.

32. Байқау комиссиясының байқау талаптарына сәйкес келмейтін байқау жұмыстарын қарамауға құқығы бар.

33. Байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.

34. Байқаукомиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

35. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

36. Байқауға ұсынылған жұмыстар арасында байқау шарттарына сәйкес келетін материалдар болмаған жағдайда, байқаукомиссиясы ұйымдастырушыға және тең ұйымдастырушыға осы номинация бойынша сыйлықақыны толық бермеу немесе ішінара бөлу туралы ұсыныстар беруге құқылы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ahmet-bayt-rsyn-lyny-150-zhyldy-yna-arnal-an-ly-dala-respublikaly-shy-armashyly-bay-auy-973717](https://yvision.kz/kk/post/ahmet-bayt-rsyn-lyny-150-zhyldy-yna-arnal-an-ly-dala-respublikaly-shy-armashyly-bay-auy-973717)