---
title: "Ахмед Закаев: «КСРО енді ғана ыдырап жатыр»"
description: "Ғаламторда Ичкерия Чешен республикасының бұрынғы мәдениет министрі Ахмед Закаевтың кезінде КСРО..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-03T09:18:40+00:00"
modified: "2024-01-03T09:26:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ahmed-zakaev-ksro-endi-ana-ydyrap-zhatyr-999488"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ahmed-zakaev-ksro-endi-ana-ydyrap-zhatyr-999488/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ахмед Закаев: «КСРО енді ғана ыдырап жатыр»

> Ғаламторда Ичкерия Чешен республикасының бұрынғы мәдениет министрі Ахмед Закаевтың кезінде КСРО...

Ғаламторда Ичкерия Чешен республикасының бұрынғы мәдениет министрі Ахмед Закаевтың кезінде КСРО құрамында болған елдерге қатысты ойын айтқан видеосы тарады.

![Ахмед Закаев: «КСРО енді ғана ыдырап жатыр»](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/f995e2d3ba183fd68b973a12e79271.jpg)

Онда Закаев қазіргі тәуелсіз мемлекеттер жайында пікір білдіре келіп, КСРО-ның, ресми түрде болмаса да, осы уақытқа дейін өмір сүріп келгенін жеткізеді.

«Біз 20 жылдан астам уақыт бойы егемен, тәуелсіз мемлекеттер деп айтуға дағдыландық. Бірақ олардың қайсысы егемен әрі тәуелсіз? Украина тәуелсіз болды ма? Болған жоқ. Ресми түрде ғана болды. Грузия егемен болды ма? Болған жоқ. Азиядағы республикалар да тәуелді болған жоқ. Еркіндік алып, Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше болып кірген үш республикадан (Эстония, Латвия және Литваны айтып отырса керек – автор) басқаларының бәрі негізінен әлгі кеңестік, жаңа, псевдодемократиялық Ресей империясының бөлігі болып қалды. Әлі күнге сол Ресей империясына байланып отырған жүздеген, ондаған халық өз алдарына бөлек кетпейінше ешқандай да тұрақтылық болмайды. Соны түсінуіміз керек. Сондықтан да КСРО-ның ыдырауы енді ғана болып жатыр», – дейді Ахмед Закаев.

Айта кетейік, Ахмед Закаев 1959 жылы Қазақстанның сол кездегі Талдықорған облысының Киров ауданында дүниеге келген. Ол Ресейдің Воронеж қаласындағы Мемлекеттік өнер институтын тәмамдаған. Ичкерия Чешен республикасының мәдениет министрі, премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір қуғындағы Ичкерия Чешен республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ahmed-zakaev-ksro-endi-ana-ydyrap-zhatyr-999488](https://yvision.kz/kk/post/ahmed-zakaev-ksro-endi-ana-ydyrap-zhatyr-999488)