---
title: "AGILE-ге ұқсас тәсілмен жобаны басқару мысалы"
description: "AGILE - әдіснама ретінде өзінің басын 2000-шы жылы Орегонда болған жиыннан алады. Ол жиында қазір ИТ..."
author: "Anara_PMP"
published: "2019-05-21T13:04:38+00:00"
modified: "2019-05-21T13:04:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/agile-ge-sas-t-silmen-zhobany-bas-aru-mysaly-832820"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/agile-ge-sas-t-silmen-zhobany-bas-aru-mysaly-832820/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# AGILE-ге ұқсас тәсілмен жобаны басқару мысалы

> AGILE - әдіснама ретінде өзінің басын 2000-шы жылы Орегонда болған жиыннан алады. Ол жиында қазір ИТ...

AGILE - әдіснама ретінде өзінің басын 2000-шы жылы Орегонда болған жиыннан алады. Ол жиында қазір ИТ қаумдығында әйгілі Керн, Кент Бек, Уорд Каннингем, Эри ван Беннекум, Алистер Кокберн және оларға қоса басқа 12 маман бірге қосылып, жобаны басқарудың икемді тәсілін талқылауға келісті. Олар ИТ әлімінде бірнеше жыл бойы жиналған тәжірибеге сүйеніп жобаны қалай тез енгізіп, тапсырыс берушіні қанағаттандыруға болатын тәсілді тапқан болатын.

2012 жылы Google және басқа танымал ИТ компаниялар AGILE-ді күнделікті өмірде қолдана отырып жұмыс істегенде, мен осы әдіснама туралы хабардар емес едім.

Дәл осы жылы мені программалау басқармасының бастығы ретінде тағайындап, 4 ай ішінде жазып, қолдануға жарайтын банктің бір программасын әзірлеу жобасын тапсырды. Оған қоса, Чехиядағы бастықтар біздің жұмысымыздың өнімін жоба бітпей тұрып көруге бірнеше рет мұқтаждық білдірді. Жобаның үстінде толғанып, план құруға уақыт та болмады. "Осы қойған мақсатқа қалай жетсек екен" деп күні-түні ойландым, ғаламтордан біраз ақпарат пен мәтіндер оқып іздендім. Бірақ AGILE немесе оның методтары көзіме ілінбеді. Тек ағылшын тілінде AGILE-ге ұқсайтын жобаны қалай басқаруға болатыны жайлы біраз деректер мен мамандар пікірлері болатын, сол білімге сүйеніп жұмысымды бастап кеттім.

Қазір, әрине, осындай тапсырмаларды жасау - мен үшін жай ғана жаңғақты шаққандай болады. AGILE әдіснамаға арналған PMBOK-тің жаңа қосымшасын оқыдық, AGILE-мен бірталай жобаны бірнеше мемлекеттерде енгіздік, біраз курстарды өттік. Күнде осы методқа сүйеніп жұмыс істеп жүрміз. Сол 2012 жылдың сын-тегеурінін еске ала отырып, AGILE-ге ұқсас жолмен жобаны бірінші рет басқарып уйрендік, сол тәжірибеммен бөлісе өтейін. Төменде баяндалған жобаны басқарудың мысалдарына назар аударсаңыз, AGILE манифест пен AGILE принциптерінің сәйкес келетінін түсінетін боласыз.

1-мысал: Өзін-өзі ұйымдастырушы топтың құрылуына мүмкіндік жасау.

Менің қарамағымда келесі үш функционалды топтар болған: аналитиктер, разработчиктер және тестировщиктер. Осы жобада істейтін әр топтан ең үздік мамандарды таңдап, жеке бір топ құрған едік. Оған қоса, программаға деген бизнес талабын қағазға тусіруге уақыт болмайтынын түсініп, бизнестен бір адамды өзімізге көшірдік. Біздің программалау тобымен отырып не керектігін сол жерде айтып, түсіндірсін деп шештік.

2-мысал: Жұмыс істейтін программаны жиі жеткізу.

Алдында айтып өткендей, біз жоба бітпей тұрып, жұмыс істейтін пограмманы Чехиядағы бастықтарға көрсету керек болатынбыз. Ол протатип емес, немесе программа жасау фазасының нәтижесі емес, пернелерді басқанда компьютер экранында керек өзгерістер мен программа логикасы шығатын, нәтижесінде-қолданушының жұмысына кішкене болса да пайдасын тигізетін программа болуы керек еді.

3-мысал: Тұрақты қарқынмен нәтижеге қол жеткізу.

Көп ойланбай, біздің төрт айлық жобаны айлық уақыт өлшеміне бөлдік. AGILE-де ол SPRINT деп аталады. Яғни уақыт өлшемі бірдей болуы керек.

Программаның өзегін құруға екі-үш аптаның қажеттігі және экран мен ең оңай функцияны қосудың өзіне 1,5 аптаның қажет болатыны менің ойымда тұратын. Осыған сүйене отырып бірінші ай аяғында демонстрация жасаймыз деп келіскенбіз. Келесі уақыт кескіндері бірдей болуы керектігінен, әр ай сайын программаға қосылған немесе басқа өзгерістерді көрсеткен болытнбыз.

4-мысал: Топ мүшелерімен бетпе-бет сөйлесу.

Уақытты бір кабинеттен екінші кабинетке жүрумен өткізбей және бітпейтін электрондық пошталар тізбегін жою үшін топты уақытша бір бөлек бөлмеге отырғыздық.

Майда сұрақтар бойынша бір біріне электрондық пошта жазуға тыйым салынды. Өзара пайда болған сұрақтардың шешімін сол уақытта тез табуға жол берілді.

5-мысал: Жоба ұжымымен өзара жиі әрекеттесу.

Жобаның уақыты тығыз болғандықтан, мен пайда болатын барлық сұрақтарды тез шешу мақсатымен, Кризис менеджментінің бір тәсілін қолданған едім: яғни күнде сағат 9-да жлба ұжымымен кеше не істедік, бүгін не істейміз, жұмысқа бөгет болып тұрған қандай ашық сұрақтар мен проблемалар барын баяндап, шешуге тырыстық. Әрине, алтын уақытымызды көп жоғалтпау үшін мұндай жиындар 30 минуттан артық уақыттқа созылмауы тиіс болатын. AGILE бойынша ол тек 15 минут аралығы ғана болуы керек деп кеңес беріледі.

6-мысал: Өзгеріп тұратын талаптарды қабылдау.

Мақсатымызға көп күш салып жеткенде, күнделікті немесе ай сайынғы программамен таныстырылым жасағанымызда, өнім иесі программаның жұмысына өзгерістер енгізуді жиі талап ететін.

Маңыздысын ескеріп жұмысқа алып, маңызды еместерін кейінге қалдырдық. Ол программаға деген өнім иесі мен қолданушылардың ризашылығын үлкейтіп, жұмысымыздың нәтижесін арттырды.

7-мысал: Техникалық кемелді жоғары деңгейде сақтау.

Программаның архитектурасына дизайн жасауымызға әрине уақыт болмады. Бірақ біздің топта болған ең үздік програмисттер - программаның әр құрамдасын, әр функцияны, кодтың әр жолын бірге ақылдасып жазатын болды. Оны программистердің өзара тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырдық. Осы жолмен жобаның тәукелінің де, қиындықтарының да алдын алған болатынбыз. Сонымен, нәтижесінде программаның сапасын арттырдық. Қазіргі таңда бұл AGILE-дің XP методіне сәйкес келеді.

Осы мысалдармен AGILE-дің қиын еместігін және оның артылықшылықтарын көрсетейін деген едім. Бір жағынан топтың жобаны икемді түрде жеткізуі және топ мүшелерінің осындай тәжірибеге дайын болу керектігін өзгеше бөліп айту керек. AGILE тілінде ол "AGILE mindset" деп аталады, казақшаға аударғанда "AGILE бойынша ойлау", яғни осы жүйені қолдандану жолында ерекше орын алады. Жоғарыда жазылғандарды айта тұра, осы жобада менімен бірге улкен улес қосқан қызметтестеріме шексіз рахметімді айтамын!

Сіздерге баяндаған өзімнің AGILE-ге ұқсас әдіснамамен жобаны жасау жайлы менің бірінші талпыныс-тәжірибем қызықты болды ма? Сіздерге қызықты болса, мен AGILE-ді жобаларды басқарудағы өз тәжірибем мен біліміммен бөлісе аламын. AGILE жайлы тағы қандай тақырыптар сіздерге қызық? AGILE-ді қолдануда қандай қиыншылықтар кездестіресіз?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/agile-ge-sas-t-silmen-zhobany-bas-aru-mysaly-832820](https://yvision.kz/kk/post/agile-ge-sas-t-silmen-zhobany-bas-aru-mysaly-832820)