---
title: "АЭС туралы ел азаматтарының пікірі"
description: "Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тари?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-07T08:17:13+00:00"
modified: "2024-10-07T08:17:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aes-turaly-el-azamattarynyn-pikiri-1007761"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aes-turaly-el-azamattarynyn-pikiri-1007761/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЭС туралы ел азаматтарының пікірі

> Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тари?...

**Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызын құрайды. **

Exit poll нәтижесі бойынша, референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады.

Көп ұзамай мемлекеттік жауапты ұйымның да ресми дерегі жарияланатын болады.

Әдетте, ол көрсеткіште экзитпол қорытындысынан соншалықты алшақ болмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп келеді.

Бұл - жақсы көрсеткіш.

Әрбір Қазақстандық азамат өз отанының болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады.

![АЭС туралы ел азаматтарының пікірі](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8db23dbdacfcd6e38f1f910c079fe4cd.jpg?width=1066&height=1642)

Референдум — бұл бір-бірімізді естіп, қоғамымыз үшін не маңызды екенін түсінуге бағытталған қадам.

Қазақстан халқы 6 қазанда өткен республикалық референдумда маңызды шешім қабылдады .

Атом электр станциясын саламыз ба, жоқ па, осы мәселенің нақты жауабы берілді.

Дауыс беруден кейін Мемлекет басшысы БАҚ үшін арнаулы брифинг өткізіп, референдум нәтижелеріне қатысты ойларын да айтты.

– Осы күн тарихқа енетіні сөзсіз.

Біздің азаматтар атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауы керек. Референдум – тікелей демократияның механизмі.

Халық қандай шешім қабылдаса да, мемлекет оның еркіне бағынады.

Дұрыс шешім қабылданатынына сенімдімін.

Сондықтан мен референдум өткізуді қолдадым, – деді Президент.

" АЭС-ті қай ел салады" деген көптің көкейіндегі сұраққа президент бұл мәселеде үкіметке нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өтті.

-Үкімет сараптама жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі қажет. Менің жеке пікірім бойынша, Қазақстанда ең озық технологияларды қолданатын әлемдік деңгейдегі компанияларды біріктіретін халықаралық консалтингтік топ жұмыс істеуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан бүгінде электр энергиясының тапшылығын сезінуде.

Жағдайды шектен шығармау үшін мәселені жедел шешу керек екенін халық жақсы түсініп, дұрыс таңдау жасады деп санаймын.

Атом электр станциясын салу – біздің мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызды шешім.

Бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологияны дамытуға және жоғары технологиялық жұмыс орындарын ашуға соны серпін беретіні сөзсіз.

Мемлекетіміздің бүгінгі тірегі мықты, болашағы жарқын болсын, достар!

Еліміз аман болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aes-turaly-el-azamattarynyn-pikiri-1007761](https://yvision.kz/kk/post/aes-turaly-el-azamattarynyn-pikiri-1007761)