---
title: "Адольф Янушкевич: Дала шешендерінің жанында Демосфен, Цицерондар түкке тұрмайды"
description: "Адольф Янушкевичтің өмірі бір-біріне ұқсамайтын екі кезеңнен тұрады: біріншісі 1831 жылға дейінгі к..."
author: "makala"
published: "2014-10-19T23:39:41+00:00"
modified: "2014-10-19T23:39:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adolf-yanushkevich-dala-sheshenderini-zhanynda-demosfen-cicerondar-t-kke-t-rmaydy-434767"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adolf-yanushkevich-dala-sheshenderini-zhanynda-demosfen-cicerondar-t-kke-t-rmaydy-434767/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адольф Янушкевич: Дала шешендерінің жанында Демосфен, Цицерондар түкке тұрмайды

> Адольф Янушкевичтің өмірі бір-біріне ұқсамайтын екі кезеңнен тұрады: біріншісі 1831 жылға дейінгі к...

![Адольф Янушкевич: Дала шешендерінің жанында Демосфен, Цицерондар түкке тұрмайды](http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_55952/thumb_b/photo_58202.png)

Адольф Янушкевичтің өмірі бір-біріне ұқсамайтын екі кезеңнен тұрады: біріншісі 1831 жылға дейінгі кезең – өз отанында өмір сүрген уақыты, екінші – 1831 жылдан кейінгі кезең, осы кезде ол ұлт-азаттық көтерілске қатысқаны үшін тұтқындалып, кезең-кезеңмен Брест, Мәскеу, Вятка, Киевке жіберілген болатын.Киевте 1832 жылдың 3 наурызында сот шешімімен Адольф Янушкевич дворяндық атақтан айырылды, мүлкі тәркіленіп, Сібірге айдалды. 1833 жылдың мамырында ол – Тобольскіде, ал дәл осы жылдың 10 желтоқсанында Ишим уезінің Желяково ауылына жіберілді. 1835 жылы оған Ишим қаласына орналасуға рұқсат берілді. Осы кезде бұл қалада айдауға түскен поляктар жиналып қалған еді. Ол осы қалада айдауға түскен ақын-романтик Густав Зелинскиймен кездесті. Олардың әңгімесі жарасып, қимас досқа айналды. Бірақ көп ұзамай Зелинский туған жеріне оралады. Екеуі бір-бірімен хат жазысып тұрды. 1841 жылдан бастап Адольф Янушкевич Омск аймақтық сотының канцеляриясында жұмыс істеп, осы жылдың күзінде оны «Сібір қырғыздары» (қазақтар) шекара басқарма басшысының канцеляриясына ауыстырды. Осы жерде ол бірінші рет қазақ тілімен танысып, қазақ далаларына іссапарға шыға бастайды, «Қырғыз құқығын құру жобасы» комитетінің хатшысы болып тағайындалады. 1843 жылдың маусым айында алғаш рет қазақ жеріне барған Адольф қазақ даласына ғашық болады. Ол 2 маусымда анасына жазған хатында өзінің осы сапарынан алған әсерін жазады. «Мен жап-жасыл ағаштарға оранған, аюлар, маралдар, бұғылар мен еліктер мекендейтін биік таулардан астым, Еуропада ешкім көрмеген ғажап өзендерден өттім, осы жерде 12 жылдан бері естімеген бұлбұлдың әнін тыңдадым. Мұнда мен қонған жерлеріне мыңдаған киіз үй тігетін көшпелі қызғыздарды, табын-табын сұлу жылқылар мен түйелерді, қойлар мен ірі қара малдарды көрдім. Қоқаннан, Ташкенттен ағылған саудагерлердің керуеніне кезіктім. Мұнда жабайы жылқыларды құлан дейді екен». 1845 жылы Янушкевич тағы да қазақ жеріне келеді. Ал 1846 жылы ол шекара басшысы генерал Вишневский басқарған экспедиция құрамында Омскіден ұзақ уақытқа қазақ жеріне келеді. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4186-dala-sheshenderynyn-janinda-demosfen-siserondar-tukke-turmaidy))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adolf-yanushkevich-dala-sheshenderini-zhanynda-demosfen-cicerondar-t-kke-t-rmaydy-434767](https://yvision.kz/kk/post/adolf-yanushkevich-dala-sheshenderini-zhanynda-demosfen-cicerondar-t-kke-t-rmaydy-434767)