---
title: "«Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім"
description: "Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы КММ-де Жастар арас..."
author: "Novostikz"
published: "2023-10-24T11:41:29+00:00"
modified: "2023-10-24T11:41:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaspa-atty-teatrlandyryl-an-k-rsetilim-996619"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaspa-atty-teatrlandyryl-an-k-rsetilim-996619/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім

> Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы КММ-де Жастар арас...

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы КММ-де Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім өтті.

Іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 250-ден аса жастар қатысты.

Көрсетілімде жастар террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың, радикалды көріністерге қарсы күресті көрсетті. Сонымен қатар діни экстремизмді тудыратын себептер мен жағдайлар, радикалды топтардан туындайтын қауіптер, экстремистік идеология мен оның қозғаушы күштерінің қауіптілігі көрсетілді.

#NOterrorism #NOextremism

![«Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім](https://storage.yvision.kz/images/user/548601/72ecb13d456e60ca49ca90a7f3ee5f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adaspa-atty-teatrlandyryl-an-k-rsetilim-996619](https://yvision.kz/kk/post/adaspa-atty-teatrlandyryl-an-k-rsetilim-996619)