---
title: "Адамзат тұйыққа тірелді ме?"
description: "Кезінде шіркеудің ауыр салығы - индульгенциядан жалтару үшін, құдайға храмсыз-ақ сыйынам деп, индиви..."
author: "Omirhan"
published: "2016-10-30T04:52:54+00:00"
modified: "2017-02-06T00:21:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamzat-t-yy-a-tireldi-me-722538"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamzat-t-yy-a-tireldi-me-722538/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адамзат тұйыққа тірелді ме?

> Кезінде шіркеудің ауыр салығы - индульгенциядан жалтару үшін, құдайға храмсыз-ақ сыйынам деп, индиви...

Кезінде шіркеудің ауыр салығы - индульгенциядан жалтару үшін, құдайға храмсыз-ақ сыйынам деп, индивидуализм жолына түсіп, бірте-бірте өзге әлемге ориентир болған Батыс мәдениеті дегеніңіздің үміті ақталмаған сыңайлы. Коллективизмге қайта оралайын десе, ру-қауымын әлдеқашан ұмытқан.Бір идея төңірегіне ұйысайын десе, елдің бәрін елттіріп жіберер сол идеясы құрғыр да таптырмай тұр.Қатын мен қатын, еркек пен еркек ұйығып, оған сәбилерді араластырып, өмір тоқтап қалу қаупі бар.. Енді бір бөлігі Батыстың көшіне, тағы бір бөлігі мұсылман дүниесіне ілесеміз деп алаөкпе болған біз секілді елдер қайтер екен? Батыстың жайын жоғарыда айттық. Ал мұсылман әлемі дегеніңіздің өзі құдай кешірсін - дүдамал дүние болып қалды. Қасиетті пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) айтып кеткен 73 тарау жолдың қайсысы дұрыс? Оны тап басып айтып беретін ғұлама әлі тумаған секілді. "Ата жолы" дейін десек, отырықшылыққа көшуімізбен бірге тұрмыс-салтымыз да өзгерді. Бір пысықайлар "Ата жолы" дегеніңізді барлық мақсатқа "сый-сияпатпен" (пара) жету деп түсініп, айналаны қып-қызыл базарға айналдырды. "Ар-ұят", "Обал-жазыр" дегеніңіз ұмытылды. "Құдайдың қаһары", Көз жасы", "Нала" дегендеріңізден ешкім қорықпайтын болды. Қорыққандарының өзі дін дегенді мешітке барсақ, намазға жығылсақ елге істеген қиянатымыз кешіріле салады деген түсінген секілді... Әлде, ештеңеге бас қатырмастан, Алланың жіберген несібесін ішіп-жеп, дүние керуенмен бірге бағыт-бағдарсыз аға беру керек пе?

![Адамзат тұйыққа тірелді ме?](https://storage.yvision.kz/images/user/omirhan/Lop6H541u1tGMg6o21ohqQK7Yn2seM.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adamzat-t-yy-a-tireldi-me-722538](https://yvision.kz/kk/post/adamzat-t-yy-a-tireldi-me-722538)