---
title: "Адамның 4 миссиясы..."
description: "Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-16T04:31:33+00:00"
modified: "2016-05-16T04:31:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamny-4-missiyasy-693444"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamny-4-missiyasy-693444/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адамның 4 миссиясы...

> Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола ...

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті психология ғылымдарының кандидаты, «Көкше» академиясының профессоры М. Субханкуловтың қатысуымен барлық жеке құрам үшін жеке тұлғаның өсуі жөніндегі тренинг өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Департамент қызметкерлерінің тұлғалық әлеуетін арттыру.

«Адамның 4 миссиясы бар. Бірінші – бұл менің осы өмірдегі ісім. Ол үшін мен өзім жауаптымын, басқаларды кінәламаймын және маған басқалардың назарын аударуын күтпеймін. Екінші – көз жасы немесе айырылу миссиясы. Албырттық пен жастық шақ артта қалды. Денемнің сымбаты кетсе де, албырттық пен жастық шақ сезімі әрдайым өзіммен бірге. Үшінші миссия – бұл кездесу. Адамның адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде ғана іс-жүзінде сыналады. Төртінші миссия – қуаныш. Егер мен өзімді өзім қуантпасам, өміріме ешқашан риза болмаймын. Адам жиһаз емес, бір орында тұруына болмайды. Осылардың барлығы қосылып, біздің болмысымызды көрсетеді, көштен қалып қоймау үшін осы миссияларды күнделікті орындауымыз керек», - деп, М. Субханкулов сөзін түйіндеді.

Іс-шараның соңында Департамент басшысы Қ. Жапақов осы іспеттес іс-шараларды өткізудің маңыздылығын айта отырып, Марс Галеевичке Департамент ұжымының атынан алғыс айтты және бұл кездесудің соңғы кездесу емес екеніне үміттенетінін білдірді.

Іс-шараға 29 адам қатысты.

Марс Субханкулов 1935 жылы Башқұртстан Республикасының Бакалы ауылында туды. Сол жерде мектепті бітірді. Мектептен кейін Қазан университетіне психолог мамандығына оқуға түсті. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін Свердлов облысында және өз атамекенінің түрлі аудандарында жұмыс істеді. Қазан университетінің аспирантурасын аяқтағаннан кейін Көкшетауға келді. Көкшетау педагогикалық институтында (кейін – Ш. Уәлиханов атындағы КМУ) , «Көкше академиясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

![Адамның 4 миссиясы...](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/ld2Cj32BQ7r4o05o610MDE1j29j2cV.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adamny-4-missiyasy-693444](https://yvision.kz/kk/post/adamny-4-missiyasy-693444)