---
title: "Адамгершілік – асыл қасиет"
description: "23 сәуірде Орал қаласындағы №19 мектепте оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді арттыру мақс..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-24T00:22:06+00:00"
modified: "2015-04-24T00:22:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamgershilik-asyl-asiet-493966"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adamgershilik-asyl-asiet-493966/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адамгершілік – асыл қасиет

> 23 сәуірде Орал қаласындағы №19 мектепте оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді арттыру мақс...

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/27X0Ot80a9731oF419stnvq7o4WhW6.jpg)

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/07luR7L7R5IrAh50EG5lCD5WV4Xcs6.jpg)

23 сәуірде Орал қаласындағы №19 мектепте оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді арттыру мақсатында 4 сыныпта **«Адамгершілік – асыл қасиет»** тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Сабақ оқушылардың «Атамекен» әнін хормен айтудан басталды. Оқушылар екі топқа бөлініп, адамның жақсы және жаман қасиеттерін тізбеледі. Оларды қағаз бетіне түсіріп, артынан жаман қасиеттер жазылған қағаздарды қоқыс жәшігіне тастады. Ал, жақсы қасиеттері жазылған қағаздарды тақтаға жапсырып, нәтижесінде сәулесін шашқан күн пайда болды.

«Маржан сөздер сыр шертеді» бөлімінде оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып жарысса, «Үй тапсырмасы» бөлімінде көріністерді сахналады. Одан кейін департамент өкілі арнайы дайындалған «Адал жол адастырмайды» слайды арқылы оқушыларды адал болуға, үздіксіз білім алуға шақырды. Шара халықтар достығына арналған әнмен аяқталды. Оқушылар осындай тамаша іс-шара ұйымдастырған ұстазы А.Қуанышкерееваға алғыстарын білдірді.

Мектеп психологы В.Нурмуканбетова 10 сынып оқушылар қатысуымен **«Адамгершілік болмай, әділдік болмас»** тақырыбында диспут ұйымдастырды. Адамдар арасындағы адамгершілікті теріс пайдаланып, оның соңы жемқорлық тудыруға алып келетін оқушылар өкінішпен айтып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылар Департамент өкілімен пікір алмасып, әділдік және білімді болу бағытында әңгіме өрбітті.

Оқушылар Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», Абайдың «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» нақыл сөздерін еске алып, бұл сөздерді әрбір адам жадында ұстау керек деген тоқтамға келді.

Сонымен қатар, шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселесі қозғалып, тақырыпқа сай видероликтер көрсетілді.

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/dq3eD7ApVR8Kx35JkMQsp1rxgWPNpU.jpg)

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/eZquNINIONjHAFbkcoQfUVc5zHV87v.jpg)

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/NYj7rO4kIeTb3Mq9gFpFmW6XuSTtZf.jpg)

![Адамгершілік – асыл қасиет](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/zVRX91mD7STht80c1IEq3owkq3mjpw.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adamgershilik-asyl-asiet-493966](https://yvision.kz/kk/post/adamgershilik-asyl-asiet-493966)