---
title: "Адам жүрген жерінде нұрын шашып жүруі керек"
description: "Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Аты-жөніңіз, мамандығыңыз, бүгінгі күнге дейінгі жұмыс орныңыз.Еденбаева..."
author: "Burkhanova"
published: "2018-10-05T06:55:57+00:00"
modified: "2018-10-05T06:58:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-zh-rgen-zherinde-n-ryn-shashyp-zh-rui-kerek-816087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-zh-rgen-zherinde-n-ryn-shashyp-zh-rui-kerek-816087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адам жүрген жерінде нұрын шашып жүруі керек

> Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Аты-жөніңіз, мамандығыңыз, бүгінгі күнге дейінгі жұмыс орныңыз.Еденбаева...

Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Аты-жөніңіз, мамандығыңыз, бүгінгі күнге дейінгі жұмыс орныңыз.

Еденбаева Зауре Дөненбекқызы мектепке дейінгі білім беру мамандығы, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институты тарих-педагогика факультетінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімін 1984 жылы үздік бітірдім. 1986 жылдан бері осы мамандық бойынша үздіксіз жұмыс істеп келемін. Бүгінгі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ , Мария Монттесории кабинет меңгеруші , оқу-әдістемелік құралдары авторы .

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/993c022e2b55789a407b5e3d32e9c9.jpg)

Сіздің пікіріңізше, мамандық таңдау ол қажетілік пе? Әлде бала күнгі арманыңыздың орындалуы ма?

Қазақта бір әдемі сөз бар ғой "Әке балаға сыншы",- демекші отбасындағы үш қызына мамандық туралы айтып отырушы еді. Әкем Доненбек әпкем Фатима мен Зәуре сендер мұғалім боласындар, ортаншы әпкем Сәулеге сен есепші боласын деушіді. Өмірімізде әкеміздің айтқанын алла орындады, бүгінгі күні әкпеміз екеуміз ұстаздық саласындамыз. Созақ – қасиетті ел. Мұны жұрттың бәрі айтады.Әйтсе де оның солай болуына көп адамдар терең ой жүгірте бермейді. Жер қасиетті болу үшін- сол жерде тұратын ерлерімен, азаматымен, ұл-қыздарымен, қарияларымен, өнерпаздарымен өлшеулі өмірден өз орнын табады. Әдебиеті мен мәдениеті Құлыншақ Кемелұлын, Шәді ақынды дүниеге келтірген. Тәкен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Төлеген Тоқбергенов, Асқар Сүлейменов, Батима Батырбекова т.б. сынды ақын-жазушыларды әуелете ұшырған өлке екенін мақтан еткен. Дінмұхаммед Қонаев былай деп жазыпты: «Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» дейді. Осы кісідей туған елді, туған жерді сүйіп, туған жерге тууыңды тік демей ме? атам қазақ. Әрбір адам жұдырықтай жүрегімен туған жерін аялап сүйіп өссе, кең байтақ Қазақстан гүлге оранады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/44bd85c527b471b10e2d8bbe87fbed.jpg)

Сіздің педагогика салыны таңдау жолыңыз : Оқулықтар авторы болу заңдылық па?

Елімізде қадірлеп қастерлейтін тарих шексіз. Көп жылдар дәріс бере жүріп, ұстаздардан « омпа» деген не? Асық ойындарында яғни, «Хан талапайда» жиі кедеседі деген сұрағыма кейде мүлдем жауап ала-алмай қаламын. Сөйтемін де, әкемді есіме аламын.Егер ол кісі омпаның не екенін түсіндірмеген болса менде білмес едім ғой . «Хан талапайды» отбасымызбен кешкі асымызды ішіп, мал жайғап болып, екі топқа бөлініп, ойнайтынбыз. Алақанға толтыра салған асықтарды шашып кеп жібергеніңде бір асық кейде, аяққа тұрып тың тыңдаған қояндай тұра қалатын. Сонда әкем «омпа» деп, сүйіп алады да, біздің топқа берген Алланың олжасы дейтін. Тәуелсіз мемлекет біз, ұрпақты тәрбиелеуде оқуды үйрету . Оқулық жазу әрине заңдылық , ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсаты да , мектепке дейінгі білім беру туралы әдістемелік құралдардың басым көпшілігін жазатын авторлар елімізде көп емес.Әрине тәжірибе жинақтау, шет елдердегі ресми сапарлар, кітапхана төріндегі дәстүрлі әлемге танымал ғалымдардың жазбаларын оқып тәжірибе жинақтадым. Бүгінгі күні ғалым -әдіскер, автор ретінде тыңдаушыларға айтарым сол ғылыми еңбектерімде айқын жазылды. 1987 жылы шығарылған «Орыс балалар бақшасында қазақ тілін оқытып-үйрету» әдістемелік құралы, отызға жуық әдістемелік құралдардың, он сегіз мектепалды даярлық тобы құралдарының редакторы . Ұстаз боламын деген бакалавр, магистрант, доктаранттар, жас мамандарға жазылған ғылыми-әдістемелік құралдар саны бүгінгі күні отыз алты. Әлі де жоспарда жазатын, айтатын ой-пікірлер тақырыптық лекциялар, сұхбаттар жинақталуда.

Сіз неше шет ел мемлекеттерінде сапарда болдыңыз : жұмыс бабымен? саяхат ретінде? барған Мемлекеттердің тізімін айтыңызшы ....

Бала күнінде мұғалім боламын деушедім. Жапония , Швейцария, Франция еліне баруды армандап өстім. Жалпы мен 50 ден астам мемлекеттің жерін бастым, оның ішінде 15 мемлекетке саяхаттап бардым, 35 елде ресми сапарда болдым. Ерекше әсер еткен Чехия , Жапония , Корея , Сингапур елдері.

Сіздің шығармашылық жұмыстарыңызда ұлттық дәстүр ерекше тақырып, айтып беріңізші....

Дәстүр ұлтымыздың бары , нары ғой. Демек, педагогтік қызметімді балабақшадан бастаған мен осы жылдар аралығында ғылым мен халықтық педагогиканы ұштастыра қарап келемін. Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, сол үшін өмір бойы ізденуден жалықпауы тиіс.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/7ddc4dcc2cf6c207953fc04e7ce3b8.jpg)

Сіздің тәжірибеңіз шексіз әлем , маңызды қағидаларыңыз....

Мен 2008 -2010 жыл аралықта Алматы қаласындағы № 1 педагогикалық колледжде мемлекеттік емтиханда төрағасы болып бекітілген едім. Сол кездері мен колледжді үздік біліммен бітіретін студенттерге қазақтың тоғыз дыбысын жетік меңгеру , себебі олар , бастауыш сынып мұғалімдері мамандық бойынша ғой. Өмірлік ұстанымдарында қазақ тілінің мәртебесі биік болуын ескертемін. Өзім жоғарғы оқу орынды таңдауымда бекер емес, ол Қазақ қыздар педагогикалық институты , бүгінгі күні білім саласында 40 жыл педагогикалық еңбегімді мақтанышпен айтамын және де осы институттың түлегі ретінде көп балалы отбасында бір студенттің шәкірт ақысын алты ай төлеп бердім. Білім саласындағы жеткен жетістіктерім , ол қажырлы еңбек және қоршаған ортамыздағы жастарға айтар ақылым , бағыт-бағдар деңгейін тұрақты дамуы өмірлік заңдылық.

Бүгінгі күні алдыңызға келетін тыңдаушылар деңгейі қандай ....

Тыңдаушылардың деңгейі әр түрлі , себебі елімізде ұстаздардың жалақысы жоғары деп айтылсада, тәрбиешінің айлық жалақысы 40000 теңге. Басым көпшілік тәрбиешілердің баспаналары жоқ, көп балалы аналар. Мысал ретінде жақында бір тыңдаушы өз пікірін айтты , кітап , журнал, газет оқу, интернет желісінде ақпараттарды оқуымызға уақытымыз жетпейді .. деп. Сол себепті менім тыңдаушыларға оқыған дәрістің басым бөлігі жаңашылдық үрдіспен таныстыру, біліктіліктерін арттыру жас мамандарға да бағыт бағдар беру ғой. Өмірдегі қиыншылықтар әрине тәрбиешілердің мұқтаждарының шешілу жолдарын іздеуге де уақыттарын алады. Өз басымда баспанам бар, тұрақты түрде білімімді халықаралық , республикалық деңгейде арттырып тұрамын . Алдыма келген тыңдаушылар деңгейін көтеру басты мақсат бола тұра , менім байқап жүргенім білім саласының қызметкерлерінің еңбек жалақысы төмен, баспана мәселесінің шешілу жолдары күрделеніп, тығырыққа тіреліп жүрген жандарды көргенде әрине қынжыласың. Шет елдерінде, әсіресе Жапония еліндегі өзін сыйлау, дәстүрді сақтау басым. Балабақшаларында ресми сапарда болғанда көргенім әуелі киген киімдері бір келкі (униформа) меңгерушіге дейін тәртіп бір. Сөйлеу мәнері қалыпты, дауыстарын көтермейді, қоршаған ортаға үлкен құрметпен қарайды. Біздің елден барған балабақша меңгерушілері жалғанбалы тырнақ, кірпік,еріндерін қып-қызыл етіп бояап алғандарын көріп ,құтты бір ақтрисаны көргендей таңғалды , әсіресе қоғамдық көлікте. Жапония елінде қарапайымдылық басым.

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Сайт оқырмандарға тілегеңіз....

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының «Медиа және PR – коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты II халықаралық PR жазғы мектебінде 72 сағат көлемінде өз білімін көтеріп, арнайы сертификат алдым. Осы сұхбатты бере отырып, Әлеуметтік желідегі сайт оқырмандарына қызықты мақалалар, эссе т.б. тұшымды материалдарды оқып , тұлғалардың өмірлік қағидаларымен тәжірибелерін оқып, өмірде кездесетін қиыншылықтардан сүрінбей өтіп кетуін ықпалы болсын деп тілеймін. Бүгінгі күні сайттардағы сұхбаттар мен мақалаларды оқитын басым көпшілік ұстаздар қауымы ғой. Тағы бір айтарым 2019 жылдан бастап 2025 жыл аралықта латын әріпіне көшу көшу қарқынды жұмыстары біздің институтымызда басталып кетті. Сол себепті Ұстаздар мерекесі күні қарсаңында қиындығы мен қызығы көп жұмыстарына шығармашылық нәтижелер, ақпейіл ұстаздарға төзімділік, алдарындағы биік асулардан сүрінбей өтулерін тілеймін.

Жалғасы бар .....

27.09.2018ж. Алматы қаласы

сұхбат алушы ,

тәуелсіз PR саласының менеджері Батима Кабдолданова

блогер Назира Бұрханова

P.S.

Еденбаева Зәуре Дөненбекқызы - өз мамандығына өмірін арнаған, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің қыры-сырын толық меңгерген, тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білетін, баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістер жүргізіп жүрген әдіскер. Жаңашыл педагогтардың алдыңғы қатарлы еңбектерін өзінің тәжірибесінде шебер пайдаланып отырады. Көптеген оқу әдістемелік құралдар мен бағдарламалар жазып, республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие мекемелері пайдалануда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adam-zh-rgen-zherinde-n-ryn-shashyp-zh-rui-kerek-816087](https://yvision.kz/kk/post/adam-zh-rgen-zherinde-n-ryn-shashyp-zh-rui-kerek-816087)