---
title: "Адам болам десеңіз..."
description: "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болма..."
author: "danik_akpan"
published: "2014-03-11T05:00:28+00:00"
modified: "2014-03-11T05:00:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-bolam-dese-iz-404707"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-bolam-dese-iz-404707/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адам болам десеңіз...

> Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болма...

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізбепсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың ба? (АБАЙ. Он бесінші қара сөз)

Қазіргі таңда теледидар алдында, интернет алдында, түрлі сериалдар, әр түрлі адамды қызықтыратын экшн боевиктер көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Бірақ бұл теледидардың, интернеттің бізге әкеліп беріп жатқан пайдасымен, зиянын таразының басына салып қарасақ, зиянын өте көп мөлшерде екенін байқауға болады. Пайдасы әрине еліміздегі болып жатқан жаңалықтарды көгілдір теледидар алдында көреміз, бізді қызықтырған жаңалықтарды интернеттен оқып аламыз. Ал зиянына келетін болсақ, теледидар ішіндегі бітпейтін соңы жоқ түрік, кәріс сериалдары.

Ең бірінші зияны айтып кетсек - Уақыт. Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде теледидар, интернет ішінде уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісімізде жиналып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм - менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады? Неге өзіміздің әр күнімізге өзімізге өзіміз сұрақ қоймаймыз? Бүгін мен өзімнің пайдам үшін не іс істедім? Менің бұл өмірдегі мақсатым қандай? Мен ата-анама, әйеліме, туған туысқандарыма қандай қарым - қатынастамын? ….. Шындығына келгенде кез келген адам өз уақытын тиімді пайдалана алады. Ол үшін өзіңізге маңызды сұрақ қоюыңыз керек: "Маған өз қалауыммен өмір сүруге не кедергі жасайды?"

Жалғасын осы жерден оқыңыз [MAQ.kz](http://maq.kz/?a=157)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adam-bolam-dese-iz-404707](https://yvision.kz/kk/post/adam-bolam-dese-iz-404707)