---
title: "Адамға демалыс не үшін керек?"
description: "Біздің балаларымыз «Мен жазды қалай өткіздім» шығармасын қалай жазады? Біреулер кезекті рет Канар ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-04-08T01:01:48+00:00"
modified: "2017-04-08T01:11:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-a-demalys-ne-shin-kerek-762903"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adam-a-demalys-ne-shin-kerek-762903/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адамға демалыс не үшін керек?

> Біздің балаларымыз «Мен жазды қалай өткіздім» шығармасын қалай жазады? Біреулер кезекті рет Канар ...

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/TqvQ1vT2VxJu8268pm0ac4b2L7VEU8.jpg)

Біздің балаларымыз «Мен жазды қалай өткіздім» шығармасын қалай жазады? Біреулер кезекті рет Канар аралдарына барғанын жазар, енді біреулері саяжайға немесе Ыстық Көлге барғанын жазар, бірақ көпшілігіне жазарға ешнәрсе табылмайтындай. Демалыс бойы теледидар алдында отырғанын немесе Мики-Маус киімінде промоутер болып жұмыс істегенін, немесе жол жиегінде қымыз бен алма сатқанын ешкім жазғысы келмейді. Осы жылы мемлекет қазынасынан балалар демалысына рекордты сомма бөлінді – сегіз миллиардтан аса теңге, Білім беру министрі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тоқсан пайыздан көбі осы жылы жазда сауықтыру лагерьлерінде демалатынын салтанатты түрде хабарлады.

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/Zuah69UQy6jYAv50nAq1eRJF6OvvPW.jpg)

Бахытжан Жұмағұлов, ҚР білім және ғылым министрі:

*Оңалту және сауықтыру іс-шаралары аясында екі де оннан бір миллион балалар мен жасөспірімдер қамтылады. Бұл барлық балалардың 92 пайызы. Және бұл көрсеткіш өткен жылғыдан жоғары.*

90 пайыздан көп, демек әрбір бала дерлік? Менің айналамда әртүрлі ортаға жататын балалар бар, аз қамтылған отбасынан және балалар үйінен, бірақ олардың ешқайсысы әлі жазғы лагерьге барған жоқ. Мүмкін қалған 9 пайызға дәл менің таныстарым кіретін шығар, бәлкім мен дұрыс санай алмайтын шығармын? Бірақ шенеунікер менің сұрағымды естір емес. Алматы әкімшілігі берген есебі бойынша – осы жылы балалар демалысына 180 миллион теңге, Алматы облысы басшылығы – 153 миллион теңге бөлді.

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/tuo7079UDCSFBb2veS4qzi2rYiY2cO.jpg)

Елена МАРКЕЛОВА, Алматы қ. балалар құқығын қорғау басқармасының қызметкері:

*Білім беру мекемелері арқылы балалардың демалысына тегін жолдамалар жүзеге асырылады.н жеткілікті қаражат бөлінеді, көп балалы және аз қамтылған отасылар мектеп директорлары атына өтініш жазса жеткілікті, жаз бойы оларға жолдама берілетін болады.*

Мұндай жағдайда Алматы облысында трассалар бойында, оңтүстік астана базарларында тұрған балалар неге лагерьлер туралы ештеңе білмейді. 12 жасар Рахат Тұрдықұлов үшін демалыс әрқашан саудамен байланысты болған. Ертеден кешке дейін бала құрдастарымен Алматы – Талдықорған тас жолында қымыз сатады. Жаз бойы ол өзіне және төрт бауырына киімге, кітаптарға және мектепке керекбасқа құралдарға ақша табады.

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/0A8oqrVO8pLKRZ35CTMoQUJ5Mqrvg6.jpg)

Рахат Тұрдықұлов:

*Анам күні бойы фермада жұмыс істей**ді,* *қымыз* *жасайды**,* *мен* *және менің iнiлерi**м* *сатамыз**. Әр**кімнің* *өз нүктесі бар. Бір литр 500 теңге.* *Бұл* *жақсы орын, клиенттер әрқашан көп.*

Алматылық бала Артур Кулешов те лагердье ешқашан болмаған. Оның анасында лагерьге 40 - 80 мың теңге жоқ, ал тегін билет оларға ешкім ұсынған жоқ.. Барлық жазғы демалысынүй ауласында немесе компьютер алдында өткізеді.

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/u66X51EsH37FhUJ9n391U9z2HvVa46.jpg)

Елена КУЛЕШОВА:

*Бала күні бойы компьютерге қарап, үйде отырғаны, әрине өкінішті. Енді, кәсіпорындар қандай да бір жолдамалар немесе жеңілдіктер қарастырмайтындаға өкінішті.*

Полицей қызметкерлері мен врачтарда демалыс кезінде жұмыс көбейетіні таңқаларлық емес.

![Адамға демалыс не үшін керек?](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/AIMeiD2kdQnAJD9MP97rQckWgNhq17.jpg)

Клара ЛЕТНИКОВА, Алматы кәсіподақтар одағының төраға орынбасары:

*Дәрігерлердің айтуынша, бала организмі 21 күнде қалпына келеді. Сол себепті де болар, кеңес дәуірінде лагерьге жолдамалар 21 күн болатын. Қазір, өкінішке орай, демалыс 7 күннен 20 күнге дейін, және ол ата-аналардың қаражат жағдайларына байланысты. Біз өзімізден кейін қалатын ұрпаққа бейжай қарамауымыз керек, денсаулығы да рухани да мықты, сау ұрпақ лагерьлерде қалыптасады. Лагерьлерге әр министрлік, әр сала көңіл бөлсе, біз қанша балалаға бақытты балалық шақ сыйлар едік.*

Бұл ойға кім қарсы ой айта алады...

**Қазақстандық балалардың қалай демалатыны туралы, жазғы демалысқа бөлінетін бюджет қаражаты қалай жұмсалатынын туралы бүгін кешкі 31- арнадан «Честно говоря» бағдарламасынан көре аласыздар, бағдарлама сағат 20:30 «Информбюро» хабарынан кейін болады.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adam-a-demalys-ne-shin-kerek-762903](https://yvision.kz/kk/post/adam-a-demalys-ne-shin-kerek-762903)