---
title: "«Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу бағытындағы сабақ өткізілді."
description: "2015 жылғы 14 ақпан күні Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адалдық пен ақиқат..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-02-16T05:30:47+00:00"
modified: "2015-02-16T05:30:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-pen-a-i-at-bolasha-a-bastar-zhol-ta-yrybynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-t-rbileu-ba-ytynda-y-s-470361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-pen-a-i-at-bolasha-a-bastar-zhol-ta-yrybynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-t-rbileu-ba-ytynda-y-s-470361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу бағытындағы сабақ өткізілді.

> 2015 жылғы 14 ақпан күні Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адалдық пен ақиқат...

2015 жылғы 14 ақпан күні Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адалдық пен ақиқат – болашаққа бастар жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу бағытындағы сабақ өткізілді.Оқушылар өздері таңдаған мақалдарға сәйкес үш топқа бөлінді. Олар – «Құқық және отбасы», «Құқық және жастар», «Құқық және қоғам» топтары. Департамент консультанты Б.Хайруллин «Адал жол адастырмайды» тақырыбында дәріс оқып, дәріс арнайы дайындалған слайдпен сүйемелденді. Мектептің тарих пәні мұғалімі Н.Жекекова оқушыларға берген тапсырмасына орай, олар өз ойларын постерге бейнеледі. Кейін оқушылар топ болып өздеріне берілген тапсырманы қорғап шықты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adaldy-pen-a-i-at-bolasha-a-bastar-zhol-ta-yrybynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-t-rbileu-ba-ytynda-y-s-470361](https://yvision.kz/kk/post/adaldy-pen-a-i-at-bolasha-a-bastar-zhol-ta-yrybynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-t-rbileu-ba-ytynda-y-s-470361)