---
title: "«Адалдық елі»"
description: "А.ж. 13 шілдеде «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде Ерейментау ауданының «Болашақ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-15T23:19:28+00:00"
modified: "2016-07-15T23:19:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-eli-702597"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-eli-702597/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адалдық елі»

> А.ж. 13 шілдеде «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде Ерейментау ауданының «Болашақ...

А.ж. 13 шілдеде «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде Ерейментау ауданының «Болашақ» бала бақшасында «Адалдық елі» тақырыбындағы тақырыптық сабақ өтті.

Ойын сабағы «Жүректен жүрекке» шаттық шеңберінен басталды, мұнда балалар бір-біріне денсаулық, игілік, бақыт, адал, әділетті, кішіпейіл болуды, үлкендердге құрмет көрсетуді тіледі. Шаттық шеңберінен кейін балалар «Адал болу» еліне саяхатқа аттанды. Саяхат жолында балалар достық, адалдық және әділдік туралы мақал-мәтелдердің көмегімен түрлі кедергілерден өтті. «Шын-өтірік» жаттығу-ойыны өткізілді.

Ойын сабағының соңында балалар «Адал болу» елінің кейіпкерлеріне «адалдық жүрекшелерін» тарту етіп, өздерінің ізгі тілектерін айтты. Бұл іс-шара ересек топтардың тәрбиеленушілері арасында жүргізілді.

![«Адалдық елі»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/2RhFPD1WGTtifn2EVNuGxS5xl2HmLC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adaldy-eli-702597](https://yvision.kz/kk/post/adaldy-eli-702597)