---
title: "Адалдық -болашақ кепілі"
description: "2015 жылдың 21 шілдесінде Ақмола облысы Есіл ауданында «Адал жол- честный путь» с..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-07-22T23:28:28+00:00"
modified: "2015-07-22T23:28:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-bolasha-kepili-523857"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adaldy-bolasha-kepili-523857/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адалдық -болашақ кепілі

> 2015 жылдың 21 шілдесінде Ақмола облысы Есіл ауданында «Адал жол- честный путь» с...

![Адалдық -болашақ кепілі](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/JrAr95fcZPi19rmFOcun63fr54fe55.jpg)

**2015 жылдың 21 шілдесінде** Ақмола облысы Есіл ауданында «Адал жол- честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны аясында жастар ресурстық орталығында «Адалдық - болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына Есіл қаласы әкімінің орынбасары А. Қажетов, Есіл аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ә. Ерденова, Есіл ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы В. Войтович, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ. Халым, аудандық емхананың меңгерушісі Г. Сәрсембаева, Есіл ауданының әкімі аппаратының қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Ж. Әбдірахманова, қызмет істейтін жастардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен көшбасшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар отырыс барысында 5 институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадамдағы» мемлекеттік басқару жүйесінің реформалануы, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мен оның алдын алу шаралы туралы мәселелерін талқылады.

Іс-шара аяқталу барысында Л. Іргебаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұзақ процесс, сондықтан әр қазақстандықтың қатысуын талап етеді деді. Жастар болса, қатысқандарға толық және дұрыс ақпарат бергендері үшін өз ризашылықтарын білдірді. Барлығы 30 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adaldy-bolasha-kepili-523857](https://yvision.kz/kk/post/adaldy-bolasha-kepili-523857)